Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет201/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   244
Прагматикалық тәсіл өмірде кеңінен қолданатын және оқушылардың 
негізгі мәдени деңгейін қамтамасыз ететін тиісті білім мен дағдыны қамтиды. 
Ол үшін тиісті кәсіби саладағы практикумдар, практикалық сабақтар тиімді 


351 
болып табылады.
Қызметтік-құндылық тәсіл тиісті бейіндік оқытудың мазмұнын 
табысты меңгеруге қажетті қызметтің түрлерімен танысуды ұсынады. Бір 
жағынан оқу процесін ұйымдастырудың түрлері мен қызметінің әдістерін 
ұтымды іріктеу, екінші жағынан оқушылардың тиісті бағдарға бейіні мен 
қабілетін анықтауда өзара белгілі бір қатынас бар. Осындай тәсілге негізделген 
таңдау бойынша курстың құрылымы оқушылардың тиісті қызмет түрлеріне 
бейімделуін ескереді. Мысалы, жаратылыстану бағытында оқушылар көптеген 
қызмет түрлеріне және химия мен биологияны оқыту процесінің нысандарына 
бейімділігін көрсетеді. Гуманитарлық бағыт үшін конспект, жоспар, тезис, 
реферат құрастыру тән, ал оқытудың қолайлы түрлері экскурсия, дискуссия, 
рөлдік ойындар, демонстрациялар болып табылады. Математика үшін таблица, 
схема құрастыру, заңдылықтарды анықтау тән. 
Құзыретті тәсіл бүгінгі күні жақтаушылары көп, мүмкін көптеген 
құрастырушылар негізгі мектеп үшін таңдау бойынша курстарды әзірлеу 
барысында осы тәсілге көп көңіл бөлуі мүмкін. Бұл жағдайда келесі әрекеттер 
тізбегі болуы мүмкін: 

осы жастағы оқушылар үшін басты мәселелерді анықтау; 

оларды шешуге арналған тиісті шеберлігін анықтау; 

аталған мәселелерді шешуге арналған құзіреттілікті анықтау; 

қажетті мазмұнды таңдау;

оқыту әдістерін әзірлеу. 
Таңдау бойынша курстың мақсатын анықтау үшін бағыт ретінде 
әлеуметтік, коммуникативтік, немесе пәндік құзіреттілік алынуы мүмкін. 
Бейіналды дайындық бойынша таңдау курсы пәндік-бағдарлы (сынақ) 
және пәнаралық (бағдарлы) болып бөлінеді. 
Пәндік-бағдарлы курс келесі мәселелерді шешеді: 
1) оқу пәніне оқушының қызығушылығын танытуы; 
2) пәнді жоғары деңгейде меңгеру қабілеті мен дайындығын анықтау; 
3) таңдау бойынша емтихандарды тапсыруға жағдай жасау, яғни болашақ 
бейініне ең ықтимал пән. 
Пәндік бағдарлау курстары үшін оқу-әдістемелік құрал ретінде 
қолданыстағы оқу құралдары, факультатив бағдарламалары, арнайы курс, 
жоғары оқу орындарына дайындыққа арналған оқу-әдістемелік кешендері және 
оқу пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптар. 
Пәнаралық (бағдарлау) курстар дәстүрлі білім беру пәндері аясынан 
шығуды ұсынады. Олар оқушыларды көптеген пәндер бойынша білім синтезін 
және әртүрлі кәсіптік салалардағы даму әдістерін талап ететін күрделі 
мәселелермен және тапсырмалармен таныстырады. 
Таңдау курстарының мақсаттарын келесідей тұжырымдауға болады: 
1) оқушылардың заманауи кәсіптерге бейімделуі үшін база құру; 
2) кең таралған кәсіптерге сәйкес келетін қызметтің типтік түрлерінің 
ерекшелігімен практикада танысу; 
3) қандай да бір пәнге деген мотивациясын көрсету.
Бейін алды даярлау бойынша пәнаралық курстар үшін оқу материалдары 


352 
ретінде ғылыми-танымдық әдебиеттер, бұқаралық ақпарат құралдарының 
хабарламалары, Интернет және т.б. қолданылады. 
Таңдау курстарының айрықша ерекшеліктері олардың стандартты 
еместігі, вариативтілігі (түрленуі) және қысқа мерзімділігі болып табылады. 
Таңдау бойынша курстың вариативтілігінің ерекшелігі бейін алды даярлық 
алдында нақты бір бейінді таңдаған немесе керісінше әлі таңдау үстіндегі 
оқушы мазмұны мен саны жағынан өте көп түрлі таңдау бойынша курстарды 
меңгеруде өз күшін сынап көруі тиіс. Мазмұны, ұйымдастырылуы және 
өткізілу технологиясы бойынша бір-бірінен ерекшеленетін көптеген 
курстардың болуы алдын-ала тиімді оқытудың маңызды педагогикалық 
шарттарының бірі болып табылады. 
Таңдау бойынша курстар келесі талаптарға сай болуы керек: 

оқушыға нақты таңдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін санымен 
ұсынылуы тиіс; 

білім беру перспективасы тұрғысынан оқушыға әлеуетін бағалауға 
көмек беруі тиіс («Әлеуметтік-гуманитарлық бағытқа математикадан үштік 
алуыма байланысты емес болашақта юрист немесе журналист мамандығын 
таңдағандықтан барамын»); 

таңдауды жоспарлап отырған бейін бойынша оқуда оң мотивацияны 
құруға ықпал ету, «Мен осымен айналыса алам ба, маған осы керек пе?» деген 
сұраққа жауап бере алуы керек. Ал курстың жаңа мазмұнмен шектен тыс 
жүктеуі осы сұрақтарға жауап беруіне қиындық туғызуы мүмкін. 
Мазмұнды таңдай отырып, мұғалім келесі сұрақтарға жауап беруі тиіс:

жоғары сыныпта дұрыс бейіндік таңдау жасау үшін, осы курс оқушыға 
несімен пайдалы?; 

орта мектептің үшінші сатысында бейіндік оқу барысында рөлі арта 
түсетін заманауи білім технологияларын қолдану тиімді болып табылады; 

осы немесе оған жақын пәндер бойынша базалық курсты жүзеге 
асыратын басқа мұғалімнің бейіналды курстарын оқыту мүмкіндігін 
пайдаланған жөн; 

курстар оқушыны белгілі бір таңдау жасаған жағдайда (тарихшы, 
филолог, физик және т.б.), яғни оқушының кәсіби қызмет саласын таңдауына 
әсер ететін жетекші болатын қызмет түрлерінің ерекшеліктерімен таныстыруы 
тиіс. Олар осы бейін үшін жетекші қызмет түрлері бойынша сынамаларды 
қамтуы тиіс (осы бейіннің ерекшелігін қызмет арқылы көрсету үшін – 
мәтіндермен жұмыс істеу, дереккөздерді талдау, құқықтық құжаттарды 
пайдалану және т. б. 
Таңдау бойынша курстар мүмкін болса, бір әдістемеге негізделуі керек. 
Бұл мұғалімнің ақпаратқа монополиясын жояды. 
Бейін алды дайындық үшін таңдау курстары базалық курсты қайталамауы 
тиіс. Олар оқушыны емтихан тапсыруы үшін емес, жоғары сыныпта 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   197   198   199   200   201   202   203   204   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет