Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет200/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   244
1. 
Бейін 
алды 
даярлық 
үшін 
таңдау 
курстарының 
ерекшеліктері:Таңдау бойынша курстарды оқу нәтижесінде оқушылар екі 
сауалға жауап беруге дайын болуы керек: «Өзімнің білім алу перспективамда 
нені қажет етемін?» және «Мен таңдаған бейінім бойынша оқуымды 
жалғастыруға дайынмын ба?»
Осы курстарды оқу барысында оқушылар: 
-
Мектептен кейінгі білім алу және бейіндік оқытуда сұранысқа ие 
құзыреттілікті меңгеруге және оқу материалдарын меңгеру бойынша күш-жігер 
жұмсауда тәжірибе алмасу;
-
бейіндік білім алуды болашақта жалғастыру үшін өмірлік, әлеуметтік, 
өзін-өзі кәсіби анықтауда бейіндік оқытутың маңыздылығы туралы ақпарат алу; 
-
мектептен кейінгі білім алу бағытына және білім алу бейініне сәйкес 
оның құндылық бағдарын қалыптастыру.
Таңдау курстарын құрастырудың бірнеше жолы бар.
Фундаменталды тәсіл жоғарғы сыныптардағы бейіндік оқу пәндерімен 
тікелей байланысты, тиісті пән саласында ең бірінші дарынды балаларға 
бағдарланған пәнді терең оқытуға бағытталған фундаменталды заңдар мен 
теориялардан жеке заңдылықтарға көшу курс мазмұнын дамытуды қамтиды.
Әдіснамалық тәсіл ерекшеліктері ғылыми-тарихи материалдарда 
көрсетілген танымның ғылыми әдістемесіне негізделген. Әдіснамалық тәсілге 
негізделген таңдау курсының басты мақсаты: ғылыми танымның әдісімен 
танысу, кейбір зерттеу дағдыларын меңгеру. Бұл тәсіл практикум сабақтарды, 
практикалық-лабораториялық сабақтарды ұйымдастыруды, оқудың жобалық 
технологиясын пайдалануды ұсынады. 
Әмбебап тәсіл ғылым үшін жалпыға бірдей маңызы бар бірқатар 
маңызды тұжырымдар бойынша мазмұнды топтастырумен сипатталады. Бұл 
тәсіл әртүрлі ғылымдар аясында бір мәселені, құбылысты, түсінікті жан-жақты 
қарастыратын пәнаралық курстар үшін қолайлы. Ол үшін рефлексивті оқыту 
технологиясы, сыни ойлау, кейс әдіс т.б. пайдалану тиімді болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет