Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет26/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36701
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   244
Мектепішілік бақылау 

Мектепішілік бақылау МЖМБС, Үлгілік оқу жоспарларының, Үлгілік оқу 


бағдарламаларының, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлардың, білім 
алушылардың жеке істерінің және т.б. орындалуын тексеруді талап етеді.
Білім мазмұнына жаңартулар енгізуді ескере отырып, оқу процесін және 
мектепішілік бақылауды тиімді ұйымдастыру үшін жалпы білім беретін 
ұйымдардың әкімшілігіне төмендегідей нормативтер ұсынылады (5-кесте). 
№ 
р/с 
Бақылау нысандары 
Норма 

Сабаққа қатысу, бақылау және 
талдау

айына 10-15 сабақ (директор 
орынбасарларына), 
-
айына 8-10 сабақ (директор 
орынбасарларына) 

мақсатына қарай сабаққа қатысу уақыты 
15 минуттан 40 минутқа дейін созылады 

Қысқа мерзімді жоспарлар мен 
күнтізбелік-тақырыптық 
жылына 2 рет 


35 
жоспарларды тексеру

Сынып журналдарын тексеру
тоқсанда 1 рет 

БЖБ және ТЖБ-ның орындалуын 
тексеру 
тоқсанда 1 рет
 
Қажет болған жағдайда білім алушылар білімдерінің іріктемелі бақылау 
кесінділерін (срезов) жүргізуге рұқсат етіледі. 
Сабаққа қатысу, бақылау және талдау бойынша нұсқаулық
Сабақты бақылау – білім алушылардың жұмысын, олардың жетістіктерін, 
білім алушылардың эмоционалдық және психологиялық көңіл-күйін, оқыту 
әдістемесін, білім беру үдерісін ұйымдастыруды бақылауға мүмкіндік беретін 
рәсім. Бақылау нәтижесіндегі жазбаларда мұғалімдер туралы пікірлер немесе 
сын-пікірлер болмауы тиіс. Мәліметтерді жинаудың бұл әдісі сабақта білім 
беру бағдарламасын жүзеге асыруға бағытталған.
Бақылау түрлері: 

құрылымдалған 

жартылай құрылымдалған 

құрылымдалмаған 

транскрипт 

графикалық 
Барлық сабақтардан кейін қатысқан сабақтарға бірлесіп талқылау жүргізу 
ұсынылады. Бақылаушының сабақты бақылау уақытының аралығы әртүрлі 
болуы мүмкін – бүкіл сабақ бойы, сабақтың жартысы немесе сабақтың аз ғана 
бөлігі. Ең бастысы, сабаққа қатысуды таңдап алған уақыт аралығында оқу 
бағдарламасының шеңберінде оқу мақсатын жүзеге асыру бойынша нақты 
қорытынды жасауға мүмкіндік болуы тиіс. 
Сабаққа қатысқан кезде өте сыпайы және мейірімді болу керек. Егер 
сабақтың бірінші жартысын бақылау жоспарланған болса, онда уақытында 
келу, сіздің сабаққа қатысуыңыздың негізгі мақсатын түсіндіру маңызды. 
Мұғалім жұмыс жасайтын қысқа мерзімді сабақ жоспарымен танысуға болады. 
Егер сабақтың екінші жартысын бақылау жоспарланған болса, онда сынып 
бөлмесіне кірген кезде сабақ барысына кедергі келтірмеуге тырысыңыз. Сабақ 
кезінде сынып бөлмесі қолайлы болса және бұл оқу процесіне кедергі 
келтірмесе, сынып ішінде қозғалуға болады. 
Бақылаудың мақсаты сабақтың тиімділігін бағалау үшін мәліметтер жинау 
және негіздеме жасау болып табылатынын есте сақтау қажет.
Бақылау фокусы мұғалімнің қызметіне де, білім алушылардың қызметіне 
де бағытталған, себебі білім алушылардың оқу бағдарламасы мен ресурстарды 
қабылдауы оны табысты енгізудің маңызды индикаторларының бірі болып 
табылады. 
Ұсынылған сабақты бақылау парағын пайдалану ұсынылады (2-қосымша). 
Сабақтың бақылау парағын қолдана отырып, төмендегі мәселелерді 
көрсету қажет: 


36 
1. Оқу мақсаттары сапалы оқытуға және жүйелі-іс-әрекет тәсілін жүзеге 
асыруға ықпал етті ме? 
2. Сабақта кең ауқымды және жоғары деңгейдегі ойлау дағдылары дамыды 
ма? 
3. Сабақта білім алушылардың іс-әрекеттері оқу мақсаттарына қол 
жеткізуге ықпал етті ме? 
4. Білім беру процесін ұйымдастырудың сапасы?
5. Білім алушылар жаңа нәрселерді үйренді ме? 
6. Білім алушылар мұғалімнен кері байланыс ала ма және ол оқу 
процесінде оқушыларға қалай көмектеседі? 
7. 
Қалыптастырушы бағалау тиімді пайдаланыла ма? 
8. 
Қалыптастырушы бағалау білім алушылар үшін мотивация бола ала ма? 
9. 
Қалыптастырушы бағалауды жүргізу кезінде мұғалім қолданатын 
тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сәйкес келе ме?
10. Мұғалім қалыптастырушы бағалауда сараланған тапсырмаларды 
қолдана ма? 
Сабақта педагогикалық әдіс-тәсілдерді, білім алушылардың оқу 
тапсырмаларын орындауын, мұғалімнің оқу материалын ұсыну форматын және 
мұғалім тарапынан білім алушыларға эмоциялық қолдау көрсетуді тіркеу 
қажет. Сабақты талдау кезінде мұғалімнің кәсібилігі мен біліктілігінің деңгейін 
атап өту маңызды. 
Сабақты бақылау аяқталғаннан кейін бақылау қорытындысын бірден 
белгілеу ұсынылады. Сабақты көруге мүмкіндік бергені үшін мұғалімдерге 
алғыс айту керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет