Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Әдістемелік кеңесте келесі сұрақтарды талқылау ұсынылады



Pdf көрінісі
бет125/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

Әдістемелік кеңесте келесі сұрақтарды талқылау ұсынылады: 
1. Жалпы орта мектепте жаңартылған білім беру мазмұны аясында шетел 
тілін оқытудың ерекшеліктері.
2. Ағылшын тілінде оқытылатын ЖМБ (физика, химия, биология, 
информатика) пәндері мұғалімдерінің және шетел тілі мұғалімдерінің 
әдістемелік бірлестігінің жұмысын жоспарлау ерекшеліктері.
3. 2019-
2020 оқу жылы шетел тілін оқытуда мұғалімдердің семинарларын 
және тәжірибе алмасуын жоспарлау. 
4. «Шетел тілі» оқу пәнінің білім беру үдерісін ақпараттық-әдістемелік 
қолдау. 
Оқу жылы ішінде шетел тілі мұғалімдерінің әдістемелік отырыстарында 
шетел тілі бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруда қазіргі заманғы 
тәсілдерді іске асыру; қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарларды құру; 
қалыптастырушы және жиынтық бағалауды жүргізу; сындарлы кері байланыс 
пен рефлексия жүргізу; шетел тілі бойынша сабақтан тыс қызметті 
ұйымдастыру мәселелерін қарастыру ұсынылады. 

«Абайтану» факультативтік курсы 
«Абайтану» курсы ҚР Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 
сәуірдегі №115 бұйрығымен бекітілген оқу бағдарламасы арқылы жүзеге 
асырылады. 
Курстың білім мазмұны ұлы ақын шығармаларын терең де, жан-жақты 
таныту арқылы елжанды, халқымыздың әдебиетін, өнерін, салт-дәстүрін, 
мәдениетін, тілін ұлттық құндылық ретінде бағалайтын, эстетикалық талғамы 
жоғары,білім, білік, дағдылармен қаруланған, түйген ойларын іс жүзінде өз 


209 
кәдесіне жарата білетін, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, өркениетті қоғамда 
өмір сүруге лайықты, терең ойлайтын дара тұлға қалыптастыруға бағытталған. 
Курсты қазақ тілі мен әдебиеті немесе біліктілікті арттыру және қайта 
даярлау бойынша арнайы курстардан өткен пән мұғалімдері жүргізеді. 
Мұғалімдерге көмек ретінде «Абайтану» курсы бағдарламасының мазмұнын 
жобалау мен өткізу бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, Академия 
сайтына (
www.nao.kz
) орналастырылды. 
Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныбына арналған «Абайтану» 
курсын ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығымен бекітілген 
жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларының вариативтік компоненті 
есебінен жүргізу ұсынылады. 
Курс жүктемесінің көлемі: 
10- 
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқужылында – 34сағатты; 
11- 
сыныпта – аптасына 1 сағат, оқужылында – 34 сағаттықұрайды. 
Курс бойынша білім алушылардың оқу жетістігін ағымдық бағалау, 
сондай-ақ емтихан және ұлттық бірыңғай тестілеу жүргізілмейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   121   122   123   124   125   126   127   128   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет