206
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
-
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған
қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы «Ағылшын тілі» пәнінен жаңартылған
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы;
-
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған
«Француз тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу
бағдарламасы;
-
Жалпы орта білім беру деңгейінің 10-11-сыныптарына арналған «Неміс
тілі» оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.
Жалпы орта білім беруді аяқтағаннан кейін білім алушылар «Ағылшын
тілі» оқу пәні бойынша В2 деңгейіне, «Француз тілі» және «Неміс тілі» оқу
пәндері бойынша В1 деңгейіне жетуі тиіс.
Шетел тілін В1 және В2 сияқты жоғары деңгейлерде оқыту кезінде
оқытылатын тілдің сөйлеу нормаларын, өзге тілді ақпарат көздерімен жұмыс
істеу дағдыларын меңгеруге; білім алушыларды өз бетімен білім алуға
дайындауға, сондай-ақ өзге тілді қарым-қатынастың жеке тәжірибесін
меңгеруге; мәдениетаралық коммуникация процесінде талап етілетін жеке
тұлғаның дамуына ерекше көңіл бөлінеді.
Шетел тілін оқытудың жоғары деңгейлерінде білім беру мазмұнын
іріктеу білім алушылардың мәдениетаралық диалогқа, өзара түсіністікке
дайындығын қалыптастыруды қамтамасыз етуі, оларда өзге мәдениеттерге
құрметпен қарауды тәрбиелеуі, өзге тілді қарым-қатынас процесінде өз ойлары
мен сезімдерін білдіру қабілетін дамытуы тиіс.
Оқу бағдарламасы, бөлімдері оқу жылында меңгерілетін және мұғалім
тоқсанда өтетін тақырыптардың реті мен сағатын еркін бөліп қоя алатын,
ұзақ
Достарыңызбен бөлісу: