207
-
оқу-танымдық қабілеттерді дамытуға арналуы тиіс.
«Шетел тілі/Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын нақты саны бекітілген бөлім бойынша
жиынтық бағалау (БЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 71 кестеде оқу пәнінен
бөлім бойынша жиынтық бағалаудың (БЖБ) нақты саны көрсетілген.
71-
кесте. «Шетел тілі/ Ағылшын тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау
рәсімдерінің саны
Сынып
Бөлім бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
10-
сынып
2
2
2
2
Шетел тілі бойынша білім беру процесін ұйымдастыру коммуникативтік
технологияларды (жобалар, сұхбаттар, рөлдік ойындар, пікірталастар, дебаттар,
конференциялар, байқаулар, қойылымдар және т.б.) жан-жақты пайдалануды
көздейді. Сонымен қатар, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және
сабақтан тыс іс-әрекет мүмкіндіктерін белсенді пайдаланған жөн, бұл білім
алушылардың шетел тілін үйренуге ынтасын арттыру үшін, танымдық
қызметін, өзара тілдік қарым-қатынасын жандандыру, шығармашылық әлеуетін
дамыту үшін жағдай жасауға ықпал етеді.
Шет тілдік қарым-қатынас жағдайын модельдеуге мүмкіндік беретін және
мәдениетаралық қарым-қатынас құбылыстарын интерпретациялауда білім
алушылардың дербестігінің барынша ықтимал деңгейін қамтамасыз ететін
оқыту технологияларын үнемі пайдалану маңызды болып табылады.
2019-
2020 оқу жылында жаратылыстану-математикалық бағыт пәндерінің
(математика, биология, химия, информатика) мұғалімдерімен бірге
кіріктірілген тақырыптық онкүндіктер өткізу ұсынылады. Онкүндіктер үш
кезеңде: бастауыш, одан кейін орта және жоғары сынып білім алушыларымен
өткізіледі. Аталған іс-шара пәннің аясында білім алушылар мен мұғалімдерді
жаңашылдықтарға ынталандырып қана қоймайды; мұғалімдердің өзара
тәжірибе алмасуына, қолданылатын әдістердің жетілдірілуі мен кіріктірілуіне
ықпал ететін болады. Оқып жатқан тілде сол елдің мәдениеті мен тарихын
терең зерделеу мақсатында маңызды күндер мен мерейтойларға назар аудару
ұсынылады, ол өз кезегінде, білім беру ұйымы базасында өткізілетін
тақырыптық іс-шараларда тікелей көрініс табуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: