Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет136/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

«Құқық негіздері» пәні
«
Құқық негіздері» оқу пәнінің мазмұны құқықтық сауаттылықты 
қалыптастыруға, демократиялық құқықтық қоғам идеалдары мен 
құндылықтарын түсінуге бағытталған. 
10-
сыныпта «Құқық негіздері» пәнінің мазмұны білім алушыларға түрлі 
құқық салаларының ерекшеліктері мен мәнін түсіндіруді тереңдетеді.
«
Құқық негіздері» оқу пәні құқық нормалары, заңдар мен нормативтік 
құқықтық актілер арқылы қамтамасыз етілетін процестерді бағалау, жіктеу, 
жүйелеу, қорытындылау, талдау үшін білім алушылардың қажетті құқықтық 


226 
ойлау дағдысын дамытуды қарастырады. Аталған оқу пәнінің аксиологиялық 
қызметі құқықтық сауаттылықты, құқықтық сана-сезім құндылықтарын 
қалыптастыруға негізделген. 
«Құқық негіздері» пәнін оқытудың негізгі міндеттері: 
− 
әлеуметтік және құқықтық нормалар жүйесі: адам құқығы, құқықтық 
мемлекет, азаматтық қоғам, заңдылық және құқықтық тәртіп туралы білімдерін 
тереңдету және кеңейту;
− 
қазақстандық құқық пен халықаралық құқықтың базалық салаларының 
негізгі түсініктері мен мазмұны туралы білімдерін дамыту; 
− 
құқыққа деген оң қөзқарасты қалыптастыру және заңдарды білу мен 
орындаудың әлеуметтік пайдалылығын түсіну; 
− 
қазақстандық патриотизм, жалпыадамзаттық құндылықтар, гуманизм 
мен әділеттілік негізінде тұлғаның құқықтық санасын қалыптастыру; 
− 
оқу және тәжірибелік іс-әрекетте құқықтық ақпаратты табу, талдау 
және қолдану дағдыларын қалыптастыру; 
− 
әртүрлі өмірлік жағдайларда құқықтық нормаларға сәйкес іс-
әрекеттерді таңдау кезінде құқықтық білім мен дағдыларды қолдана алу 
біліктерін дамыту; 
− 
қоғамдағы құқықтық қатынастармен байланысты практикалық 
жағдаяттарды сын тұрғысынан талдау және бағалау дағдыларын дамыту; 
− 
қазіргі уақыттағы өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелерге қатысты 
пікірталасқа қатысу дағдыларын дамыту. 
«Құқық негіздері» пәні бойынша оқу жүктемесі қоғамдық-гуманитарлық 
бағытта:
− 10- 
сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылына 102 сағатты; 
жаратылыстану -математикалық бағытта: 
− 10-
сыныпта аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды. 
Тұлғаның танымдық белсенділігін, шығармашылық, жобалық-
зерттеушілік қабілеттерін дамыту үшін қоғамдық-гуманитарлық бағытта әр 
тақырыптық бөлімнен кейін келесі зерттеу жұмысы тақырыптары берілген: 
 
Мемлекет және құқық формаларының эволюциясы; 
 
Жария құқық салалары ерекшеліктерінің сипаттамасы; 
 
Жеке құқық – адамның табиғи құқықтары мен бостандықтарының 
жүзеге асуының кепілдігі; 
 
Құқыққа қатысты процестер қадамдарының сипаттамасы; 
 
Адам құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі заманғы халықаралық 
ұйымдар.
Сондықтан қоғамдық-гуманитарлық бағытта осы тақырыптар көлемінде 
зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру ұсынылады. Зерттеу тақырыптары 
жалпылама берілген. Білім алушылар осы белгіленген тақырып шеңберінде 
түрлі мәселелерді қарастыра алады. 
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және 
тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 84-кестеде 


227 
оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) 
рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 
 84- 
кесте. «Құқық негіздері» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
10-
сынып 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет