225
тарихи реконструкция дағдыларын дамыту;
−
қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени
мәселелерді ұғыну үшін тарихи білімдері мен дағдыларынқолдана білу
қабілетін дамыту;
−
коммукативтік дағдыларды дамыту: өз ойын ауызша және жазбаша
түрде анық жеткізе білу, топта жұмыс жасау, әртүрлі деректерден алынған
ақпараттарды пайдалану.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесі:
−
қоғамдық-гуманитарлық бағытта 10- сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу
жылына 102 сағатты;
−
жаратылыстану -математикалық бағытта 10-сыныпта аптасына
2 сағат, оқу жылында 68 сағатты қамтиды.
10-
сыныпта «Дүниежүзі тарихы» оқу пәні бойынша қоғамдық-
гуманитарлық бағытта әр бөлімнен кейін зерттеу жұмысы тақырыптары
берілген:
Әлемдік тарих контекстіндегі өркениеттердің өзара әрекеттесу және
өзара ықпалдасу тәсілдері;
Әлем тарихындағы этникалық және әлеуметтік процестер;
Әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерді шешу жолдары;
Мәдениет – адамзаттың рухани-адамгершілік құндылықтарының
көрінісі ретінде.
Осы тақырыптар көлемінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
ұсынылады.
«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және
тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. Төменде 83-кестеде
оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ)
рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
83-
кесте. «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
10-
сынып
1
1
1
1
Достарыңызбен бөлісу: