20
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
және қосымша білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметінің және
оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2008
жылғы 16 мамырдағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 2 шілдедегі № 317
бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі білім беру
ұйымдары басшыларының бұйрығымен бір
оқу жылына сайланады және
бекітіледі.
Педагогикалық кеңес:
•
оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау және жүзеге асыру;
•
жұмыс оқу жоспарларын бекіту;
•
білім беру қызметтерінің сапасы;
•
инклюзивті, арнайы білім беруді қамтамасыз ету үшін білім
алушылардың
(тәрбиеленушілердің)
үлгерімдері
мен
психология-
педагогикалық ерекшеліктері туралы мәліметтер негізінде білім алушылардың
(тәрбиеленушілердің) жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-тәрбие
және түзету-дамыту жұмыстарын ұйымдастыруға ұсынымдар әзірлеу;
•
білім алушылардың аралық және қорытынды аттестаттауын өткізу,
оларды емтихандарға жіберу, білім алушыларды ұсынылған құжаттар негізінде
емтихандардан босату, білім алушыларды келесі
сыныпқа көшіру немесе
оларды қайталау курсына қалдыру, білім алушыларды грамоталармен, мадақтау
қағаздарымен марапаттау, негізгі орта білімді үздік аяқтағаны,
негізгі орта
білімді аяқтағаны, жалпы орта білім беруді үздік аяқтағаны, жалпы орта білім
беру жөнінде аттестаттар, белгіленген үлгідегі анықтамалар беру туралы шешім
қабылдау;
•
оқу жүктемелерін бөлу, педагогтерді аттестаттауға, марапаттауға және
көтермелеуге дайындау;
• 10-
11 сыныптарда «Химия», «Физика», «Биология» және
«Информатика» оқу пәндері бойынша білім беру ұйымының ағылшын тіліне
оқуға көшуі;
•
экстернаттық оқыту түрінде білім алушыларды аралық және
қорытынды аттестаттауға жіберу, өткізу;
•
зияткерлік, ғылыми, спорттық жарыстарға, музыкалық-шығармашылық
конкурстарға қатысатын білім алушыларға арнап жеке жұмыстар ұйымдастыру;
•
сабақ кестелерін келісу;
•
білім алушыларды (тәрбиеленушілерді)
қабылдау, ауыстыру және
мектепті бітіруі;
•
білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) эмоционалдық-еркін және
тұлғалық дамуын зерттеу сияқты мәселелерді қарастырады.
Қазіргі таңда педагогикалық кеңестерге жүктемесі төмендетілген ҮОЖ
таңдауда,
топтарға бөлу мәселелері, жоғары сыныптарда физика, химия,
биология, информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту және білім беру
ұйымдары қызметінің басқа да мәселелері
бойынша өздігінен шешім