22
қарастырады. Білім алушылардың ата-аналарына бағалау жүйесінің
мақсаты
мен негізгі принциптері түсіндіріледі, ата-аналарға арналған практикалық
тренинг немесе мастер-класс өткізіледі.
Жиынтық бағалаудың қорытындылары білім алушыларға, ата-аналарға
немесе баланың заңды өкіліне қағаз/электронды форматта ұсынылады.
Мұғалім бағалауды мұғалімдерге, ата-аналар мен білім алушыларға көмек
ретінде әзірленген нормативтік-құқықтық актілер мен әдістемелік
материалдарға сәйкес өткізуі тиіс:
-
«Білім алушылардың үлгеріміне
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы
18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 14
маусымдағы № 272 бұйрығы;
–
«2019-2020
оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта
білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері
туралы» әдістемелік нұсқау хат;
–
Жаңартылған білім беру мазмұны аясында орта
мектептерге арналған
критериалды бағалауды құжаттандыру және рәсімдеу бойынша нұсқаулық;
–
Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша басшылық;
–
Негізгі және орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау
бойынша басшылық: оқу-әдістемелік құрал;
–
Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде қалыптастырушы бағалауға
арналған тапсырмалар жинағы;
–
Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған
тапсырмалар жинағы;
–
Сыныптар, пәндер мен тілдер бөлінісінде жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсынымдама.
Әдістемелік құралдарды
nao.kz, smk.edu.kz сайттарынан таба аласыздар.
Мұғалім:
•
бағалау үшін оқыту мақсаттарының тізбесін анықтауы;
•
бағалау деңгейлерін анықтауы (Блум таксономиясына сәйкес);
•
бағалау критерийлерін әзірлеуі (оқыту мақсаттарына сәйкес) немесе
«НЗМ» ДББҰ әзірлеген критерийлерді қолдануы;
•
білім алушылардың санын және кері байланыс беру жиілігін анықтауы;
•
үйде оқитын білім алушылар үшін үйде оқыту жүктемесін және
оқытылған оқу материалын ескере отырып, сараланған және/немесе жеке
тапсырмаларды әзірлеуі;
•
сараланған және/немесе
жеке тапсырмаларды қолдану, сондай-ақ
ерекше білім алу қажеттіліктері бар білім алушылардың ерекшеліктерін ескере
отырып, бағалау критерийлеріне өзгерістер енгізуі керек.
Мұғалім білім алушылардың бөлім/тоқсан бойынша жиынтық бағалау
жұмыстарын тексеруде және қорытынды балдарын қоюда, соның ішінде оқу