18
жұмыс жасай алады.
«
Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімімен оқу тапсырмаларын
әзірлеу, оқу материалын іздеу және іріктеу, оның тіл тұрғысынан күрделілігін
бағалау, сонымен қатар сұрақтар мен тапсырмаларды
құрастыру бойынша
бірлесіп жұмыс жасай алады. «Шетел тілі» пәнінің мұғалімі пән мұғалімі
дайындаған оқу тапсырмаларының дұрыс құрастырылуын тексере алады.
«
Шетел тілі» пәнінің мұғалімі білім алушылардың
тілдік емес оқу пәні
сабағында жұмыс жасайтын тілдік материалды анықтауға (грамматика, мәтін
жанры, терминология, айтылуы қиын лексика және т.б.)
көмектеседі және
шетел тілі сабағында сол тілдік материалды пысықтайды.
Пән мұғалімдері мен «Ағылшын тілі» пәні мұғалімдеріне 10-сыныпта
ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды жоспарлау барысында Орта
мерзімді жоспарды (ОМЖ)
бірлесіп жоспарлауға болады, бұл олардың оқыту
тәжірибесін жақсартуға мүмкіндік береді. ОМЖ-ны
бірлесіп құру барысында
білім алушылардың да, педагогтердің де тілдік
құзыреттіліктерін дамытуға,
қосымша ресурстарды іздеуге және қолдануға, сонымен қатар бағалау рәсімін
ұйымдастыруға мүмкіндіктер көбейеді. Педагогикалық ұжымдар пәндер
бойынша мектеп мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктерінің дәстүрлі
формаларынан
бас тарта отырып, әр түрлі пәндер, соның ішінде тілдік және
тілдік емес пән мұғалімдері бірлестігіне біріге алады. Бұл үш
тілде оқыту
аясында сабақ өткізуде жаңа формалар, әдістер мен технологияларды енгізуге
және оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: