27
Критериалды бағалау рәсімдері бойынша нұсқаулық
1.
Критериалды бағалау жүйесінің принциптері, рәсімдері және
құралдары
1.1
Критериалды бағалау жүйесінің принциптері
1.1.1
Критериалды бағалау жүйесі мынадай принциптерге негізделеді:
•
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу
бағдарламасындағы мақсаттармен және күтілетін
нәтижелермен тікелей
байланысты оқытудың ажырамас бөлігі болып табылады.
•
Объективтілік, нақтылық және валидтілік. Бағалау нақты және
сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлер мен құралдардың оқу
мақсаттарына және күтілетін нәтижелерге жетуді
бағалайтынына сенімділік
бар.
•
Анықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті және ашық ақпарат
береді, білім беру процесінің барлық қатысушыларының
қызығушылығы мен
жауапкершілігін арттырады.
•
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістіктерінің прогресін
уақытылы және жүйелі түрде қадағалауға мүмкіндік беретін үздіксіз процесс
болып табылады.
•
Дамуға бағыттылық. Бағалау білім беру жүйесін, мектепті,
мұғалімдер мен әр оқушының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Білім алушының жеке қасиеттері емес, оқу іс-әрекетінің нәтижелері мен
олардың қалыптасу процесі ғана бағалануы мүмкін екенін түсіну маңызды.
Бағалаудың негізгі критерийлері жоспарланған
нәтижелер болып
табылады. Бұл ретте бағалау нормалары мен критерийлері, бөлім және тоқсан
бойынша жиынтық бағалау (БЖБ мен ТЖБ) нәтижелерін қою алгоритмі
мұғалімдерге және білім алушыларға алдын ала белгілі болуы тиіс.
Бағалау жүйесі білім алушылардың өзін-өзі
бағалау және өзара бағалау
дағдыларын меңгере отырып, бағалау қызметіне қатысатындай
етіп құрылады
.
Достарыңызбен бөлісу: