Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет216/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

«Педагог 
қызметкерлер 
мен 
оларға теңестірілген тұлғалардың 
лауазымдарының 
үлгілік 
біліктілік сипаттамаларын бекіту 
туралы» ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2009 жылғы 13 
шілдедегі N 338 Бұйрығы 
Білім беру ұйымдары осы бұйрықтың негізінде педагог 
қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың 
лауазымдарының 
бекітілген 
үлгілік 
біліктілік 
сипаттамаларын ескере отырып, педагог кадрларға 
қажеттілікті қанағаттандырады. Олар білім беру 
ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы 
мен 
ұйымдастыру-құқық 
нысанына 
қарамастан 
мыналарға негіз болады: 
құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру 
ұйымдарындағы орны мен рөлін анықтайтын ережелер 
жасау; 
қызметкерлердің 
міндеттерін, 
құқықтары 
мен 


370 
жауапкершіліктерін 
белгілейтін 
лауазымдық 
нұсқаулықтар әзірлеу; 
кадрларды 
іріктеу 
мен 
орналастыру, 
оларды 
пайдаланудың дұрыстығына бақылау жүргізу; 
білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан 
өткізу. 
"Арнайы білім беру ұйымдары 
түрлерінің қызметінің үлгілік 
қағидаларын бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2017 
жылғы 14 ақпандағы № 66 
бұйрығы. 
Балалардың ПМПК-ға жіберілуі ата-аналарының (заңды 
өкілдерінің), білім беру ұйымдарының, денсаулық сақтау 
ұйымдарының бастамасымен ата-анасының (заңды 
өкілдерінің) келісімі арқылы жүзеге асырылады. 
Бірінші тексеруге анамнез жинау, дәрігерлердің 
(сурдолог, офтальмолог, невропатолог, психиатр), 
педагогтердің (әлеуметтік педагог, олигофренопедагог, 
сурдопедагог, тифлопедагог, логопед), психологтың 
тексеруі, баланың психофизикалық жағдайын бағалау, 
ата-аналарға (заңды өкілдерге) кеңес беру кіреді. Бірінші 
тексеру бір немесе төрт қабылдау барысында жүргізіледі. 
Қабылдаудың ұзақтығы бір сағат, баланың шаршауы 
жоғары болғанда 20-30 минут. 
Қайта тексеру ПМПК-ның жалпы қорытындысын 
нақтылау немесе өзгерту мақсатында жүргiзiледi, ең 
алдымен диагностикалық топтарда, диагностикалық оқу-
түзеу сабақтарынан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту 
ұйымдарындағы, орта бiлiм беру ұйымдарындағы сынама 
оқытудан кейiн зияткерлік немесе тілдік даму кемiстiгiнің 
деңгейiн нақтылау қажеттiгi болған жағдайда жүргізіледі. 
Тексерулер нәтижелері негізінде ПМПК-ның жалпы 
қорытындысы 
қабылданады, 
баланың 
жеке 
психофизикалық ерекшеліктеріне қарай түзете-дамыта 
оқыту барысындағы білім беру бағдарламасының түрі 
туралы алқалық шешім қабылданады. 
Қажет болған жағдайда медициналық, білім беру және 
әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ұсынымдарды 
қарастыратын 
жеке 
түзете-дамыту 
бағдарламасы 
жасалады, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультация 
беру жүзеге асырылады. 
"Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі 
туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 
2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығына (нормативтік 
құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 
11310 болып тіркелген) сәйкес үйде оқитын мерзімі 
көрсетіле 
отырып, 
дәрігерлік-консультациялық 
комиссияның бала денсаулығының жағдайы туралы 
қорытындысы үйде жеке тегін оқуға негіз болып 


371 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет