дайындық курстарын ұйымдастырады. 2019- 2020 оқу жылының ерекшелігі еліміздің білім беру ұйымдарының 4, 9 және 10-сыныптарында жаңартылған білім мазмұнын енгізу болып табылады. 4- сыныпта оқытудың ерекшелігі білім алушыларды білімді жетілдіре
отырып «белсенді оқуға» белсенді тарту болып табылады. Оқыту процесінде
білім алушылардың жаңа білімді өз бетінше іздестіруі үшін жағдай жасау
маңызды. «Информатика» жаңа оқу бағдарламасы енгізілуде.
9- сыныптардың оқу бағдарламасының ерекшелігі базалық білім беруді аяқтауға бағытталғандығы болып табылады. 9-
сыныптардың оқу пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламалары
жоғары деңгейдегі ойлау дағдыларын дамытуға, толыққанды қарым-қатынас
жасауға қажетті және тұлғаның дамуына ықпал ететін, ұлттық және
жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытатын социумдағы өмір үшін маңызды
дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.
Бұдан басқа, оқыту процесінде тоғызыншы сынып оқушыларының
оқытылатын оқу материалдарын талдау, жіктеу, жүйелеу, жинақтау және
оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді бағалау дағдыларының
қалыптасуына назар аудару маңызды.
9-
сыныпта дамытушы оқыту әдістерін (іскерлік ойындар, өзін-өзі оқыту
және өзара оқыту, пәнге «тез арада» ену әдісі, процестерді модельдеу, басқа
пәндік салалармен интеграция, мәтінмен жұмыс жасау, пәндік тілді дамыту
және т.б.), жобалық әдістерді (зерттеу топтық және жеке жобалар, танымдық,
конструкторлық, әлеуметтік жобалар, қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ
мерзімді жобалар, контент-талдау және т.б.), коммуникативтік әдістерді
(практикалық жағдаяттарды талдау, білім алушылардың командалық жұмысы
және басқалар) белсенді қолдану ұсынылады.
10- сыныпты оқытудағы басты ерекшелік білім алушыны нақты