Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет57/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

 


88 
4. 5–9-
СЫНЫПТАРДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ БОЙЫНША 
БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
ТІЛ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ БІЛІМ САЛАСЫ 
«Тіл және әдебиет» білім саласына «Қазақ тілі», «Русский язык», «Қазақ 
әдебиеті», «Русская литература», «Қазақ тілі мен әдебиеті», «Русский язык и 
литература», «Ана тілі», «Ұйғыр/Өзбек/Тәжік әдебиеті», «Шетел тілі» оқу 
пәндері кіреді. 
 
«
Қазақ тілі» оқу пәні (оқыту қазақ тілінде) 
2019-
2020 оқу жылында «Қазақ тілі» пәні бойынша 5-9-сыныптар 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламаларымен оқитын болады
Жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы ұлттық және 
халықаралық тәжірибелердің ең үздік үлгілерін басшылыққа алып жасалған. 
Дәл бүгінгі таңда жаһандану дәуірінің ұлттық құндылықтарға төндіріп 
тұрған қаупі үнемі қаперде болуы ескеріліп, бүкіл ұлттық құндылықтардың 
ұйытқысы қазақ тілін оқытуда басшылыққа алынған тенденциялар, оларды 
жүзеге асыру жолдары мен тірек қағидалары мыналар: 
1) 
қазақ тілін оқытуды мемлекеттің даму стратегиясымен бірлікте қарау; 
2) 
тілді оқытуды белгілі бір пәндік дағдыларға емес, білім алушының 
тұлғалық қабілеттерін дамытуға бағыттау; 
3) 
тілдік білім мен біліктерді ХХІ ғасыр адамының бойында сөйлеу 
мәдениетін, ойлау мәдениетін және адамгершілік мәдениетті қатар дамытуға, 
қарым-қатынас мәдениетін бейімдеп, құзіреттіліктер қалыптастыруға бұру; 
4) 
тілді ұлт болашағының мәдени иммунитетін қалыптастырудың тетігі 
ретінде оқыту. Тілге деген жауапкершілік пен патриотизмді тәрбиелеуге жаңа 
прагматикалық көзқарас тұрғысынан келу, тілді оқытудың құндылықтық 
бағдарын сабақ барысында күшейту. 
«Қазақ тілі» пәнінің оқу бағдарламасы функционалдық-коммуникативтік 
бағытқа негізделіп құрастырылды. Ол оқушылардың тіл туралы түсініктерін 
тереңдетіп, ұлттық мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы 
түсініктерін кеңейтеді.
Негізгі орта білім беру деңгейінің жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу 
бағдарламалары Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 
сайтында орналастырылған (
https://www.nao.kz/Білім беруді оқу-әдістемелік 
қамтамасыз ету/ Оқу бағдарламалары/
 
Негізгі орта білім беру деңгейінің 
жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламалары. Қазақ тілі). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет