105
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік,
жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі,
шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының
келесі мәселелерін қарау ұсынылады:
1.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы
негізінде сабақты жоспарлау
мен критериалды бағалау;
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау.
3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі;
4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары;
5.
Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі;
6.
Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны
шешу жолдары;
7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы;
9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер;
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары;
11. Грамматикалық тақырыптарды лексикалық тақырыптармен
сабақтастырудағы шеберлік;
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру;
13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»;
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі.
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті»
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны
мұғалімді де, оқушыны да оқу
әрекетіне белсенді қатысуға, өз пікірін айтуға,
өзінің сөйлеген сөзіне дәлел келтіруге,
кейіпкерлер арқылы өмірлік
ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын
тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: