Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер



Pdf көрінісі
бет58/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

Білім мазмұнын ұйымдастырудағы ерекшеліктер: 
5-9-
сыныптарда оқу процесі «Жалпы білім беру ұйымдарына арналған 
жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің 
үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым 
министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен 
толықтырулар енгізу туралы» ҚР Білім және ғылым министрі міндетін 
атқарушысының 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен (ҚР Әділет 


89 
министрлігінде 2017 жылы 13 қарашада № 15982 тіркелген) бекітілген «Негізгі 
орта білім беру деңгейінің «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасымен жүзеге асырылады.
Ұзақ мерзімді жоспар оқу бағдарламасының құрамына енгізілді және 
ұзақ мерзімді жоспарда әр сынып бойынша оқылатын шығармалар, тілдік 
дағдылар бойынша күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары түрінде нақты 
көрсетілді. 
«Қазақ тілі» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 5-
сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 
2) 6-
сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат;
3) 7-
сынып – аптасына 3 сағат, оқу жылында – 102 сағат; 
4) 8-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат; 
5) 9-
сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат. 
«Қазақ тілі» пәнін оқыту мақсаты – жалпы білім беретін негізгі 
мектептерде ана тілін қадірлейтін, қоғамдық мәнін түсінетін тұлға 
қалыптастыру және қазақ әдеби тілі нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, 
еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.
«Қазақ тілі» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы бағдарламаның 
қолданыстағы бағдарламадан ерекшелігі қазақ тілін функционалдық-
коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, төрт дағдыға
негізделген: 
1) 
тыңдалым және айтылым; 
2) 
оқылым; 
3) 
жазылым;
4) 
әдеби тіл нормаларын сақтау. 
«Тыңдалым және айтылым» бөлімі оқушылардың төмендегі дағдыларды 
үйренуіне мүмкіндік береді: 

берілген ақпаратты түсіну; 

негізгі идеяны және түрлі жағдайлар тұрғысынан мәтіндегі көптеген 
көзқарастарды анықтау; 

тыңдалған материалға жауап беру; 

жасырын мәтінді анықтау, болжау; 

қоғамдық және іскерлік жағдайлардағы тіл мәдениетін түсіну және іске 
асыру; 

тыңдаушылардың назарын аудару үшін әдеби тәсілдерді пайдалану; 

тыңдалған материалды бағамдау; 

мультимедиа ресурстарын пайдалана отырып, сөйлеу және тыңдау. 
«Оқылым» бойынша: 

жазбаша ақпаратты түсіну; 

мәтіннің негізгі идеясы мен құрылымын анықтау; 

мәтіндегі лексиканың ерекшеліктерін түсіну; 

сұрақтарды тұжырымдау және бағамдау; 

мәтіннің түрлері мен стилін анықтау; 

әртүрлі оқылым стратегияларын пайдалану; 

түрлі ақпарат көздерінен қажетті ақпаратты алу; 


90 

мәтіндерге салыстырмалы талдау жасау. 
«Жазылым» бойынша: 

өз көзқарасын білдіре отырып мәтін жазу; 

тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін 
жазу; 

жоспар құру; 

өзіндік стильде мәтін құру; 

тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материалдар негізінде 
шығармашылық жұмыс жазу; 

түрлі жанрда мәтін құру; 

мәтіндерді салыстыру; 

мәтіндерді түзету және түрлендіру; 

оқырманның қызығушылығын оятып, сендіріп жазу; 

эссе жазу. 
«Әдеби тіл нормаларын сақтау» бөлімі аясындағы бөлімшелер 
оқушылардың төмендегі дағдыларды үйренуіне мүмкіндік береді: 

орфографиялық норма; 

орфоэпиялық норма; 

лексикалық норма; 

грамматикалық норма; 

пунктуациялық норма. 
Оқыту мақсаттары мұғалім мен білім алушыларға болашақ қадамдары 
туралы өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік беретін 
бірізділік пен сабақтастықты көрсететін 4 бөлімнен тұрады және олардың 
жүйесі бірізді, оңайдан қиынға қарай, шиыршық принципі сақталып жасалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет