155
Білім саласы бойынша қолданбалы курстарға немесе таңдау курстарына
ұсынылатын тақырыптар: «Биологиялық модельдер және қолданбалы есептер»,
«Әлемнің ғылыми-жаратылыстану эволюциялық бейнесі», «Биологиядағы
математикалық модельдер және әдістер», «Тамақтану және денсаулық»,
«
Экологиялық этика»,«Биология және денсаулық», «Әлемнің заманауи
ғылыми-жаратылыстану бейнесі», «Биологиялық белсенді қоспалар», «Бәрі
біздің түп-тұқиямызда (генетика негіздері бойынша)», «Әлемнің інжу маржаны
(7–9-
сынып қыздарына арналған курс)», «Менің денсаулығым – менің
қолымда», «Тірі жасуша жұмбақтары», (Тұқым қуалаушылықтың
заңдылықтары», «Биологияның проблемалары», «Жасушалар және тері», «Үй
іргесіндегі телім», «Биогеография проблемалары», «Тері – денсаулық айнасы»,
«Заманауи микробиология», «Нанотехнологияға кіріспе».
Мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруіне және әдістемелік
бірлестіктерге ұсынылатын тақырыптар: «Биология сабағында білім
алушылардың танымдық белсенділігін арттыру», «Биология және химия
сабақтарында кіріктіріп оқытуды қолдану», «Биологияны оқытуда пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыру», «Оқу еңбегінің дағдыларын қалыптастыру және
ұйымдастырудағы рефлексияның рөлі», «Биология сабақтарында білім алушы
тәрбиесіндегі экологиялық бағыт», «Сабақта білім алушылардың
шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамыту», «Ойлау әрекетін
белсендендіру кұралы ретінде жаңа материалды зерделеудегі проблемалық
тәсіл», «Білім алушының белсенді өздік жұмысы арқылы проблемалық
жағдайларды жасау», «Білім алушылардың сабақта және сабақтан тыс
уақыттағы ғылыми және жобалық жұмыстары», «Білім алушыларды
олимпиадаға дайындау әдіс-тәсілдері», «Оқу процесін жаңғырту жағдайында
сабақтарға ақпараттық технологияларды қолдану».
Тақырыптар мұғалімдердің мүмкіндіктері және жағдайларына
байланысты өзгертілуі мүмкін.
«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған.
Төменде 57-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық
бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген.
57-
кесте.
«Биология» пәні бойынша жиынтық бағалау саны.
Сынып
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-
тоқсан
2-
тоқсан
3-
тоқсан
4-
тоқсан
7-
сынып
3
3
3
3
8-
сынып
3
2
3
3
9-
класс
3
3
3
3
Достарыңызбен бөлісу: