Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет93/244
Дата11.06.2022
өлшемі4,6 Mb.
#36702
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   244
Байланысты:
1567089479235 (2)

 
«Химия» пәні оқу 
Химия – заттар, олардың қасиеттері, құрылымы және олардың бір-біріне 


156 
айналуы туралы ғылым.
Химия органикалық және бейорганикалық заттардың құрамын, заттардың 
құрылымын,заттардың өзара әрекеттесу қабілетін зерттейді және химиялық 
энергияның жылу, электр, жарық тағы басқа энергияларға өту құбылыстарын 
зерттейді. 
«Химия»оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
1) 
7 сыныпта – аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;
2) 
8 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды; 
3) 9 сыныпта – аптасына 2 сағаттан, оқу жылында 68 сағатты құрайды. 
Оқу пәнінің мазмұны бес бөлімді қамтиды: 
1) заттардың бөлшектері; 
2) химиялық реакциялардың жүру заңдылықтары; 
3) химиядағы энергетика; 
4) химия және қоршаған орта; 
5) химия және өмір.
7-
сыныпта жаңартылған мазмұндағы бағдарламаға «Заттардың 
агрегаттық күйінің өзгеруі» тақырыбындазаттардың агрегаттық күйлерінің 
өзгеруін бөлшектердің кинетикалық теориясы тұрғысынан оқыту тұңғыш рет 
енгізілді, бұл білім алушыларға заттардың құрылысы мен қасиеті арасында 
себеп-салдар байланыстарды жүргізуге мүмкіндік береді. Мұғалімдерге 
ескеретін жайт кесте, диаграмма, суреттер, графиктер түрінде берілген 
ақпаратты құруға көбірек көңіл бөлу керек, білім алушыларға физика мен 
математика сабақтарында қалыптасқан дағдыларды қолдана отырып, тәжірибе 
барысында температураны өлшеп және өздерінің бақылауларын жинақтап, 
тиісті қызу және салқындау үрдістерінің графиктерін салуды ұсынуға болады.
«Адам ағзасындағы химиялық элементтер» бөлімі химия пәні 
бағдарламасына жаңадан қосылып отыр, бөлімде қоректік заттар, адам 
ағзасындағы химиялық элементтер (О, С, Н, N, Ca, P, K), химиялық 
элементтердің тірі және өлі табиғаттағы таралуы, адам ағзасындағы микро- 
макроэлементтердің биологиялық рөлі, тыныс алу үдерісі, тамақтану теңгерімі 
ұғымдары берілген.
Сондай-ақ білім алушылардың зерттеушілік дағдыларын қалыптастыруға 
бағытталған зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау 
қарастырылған: 

«Тағам құрамындағы қоректік заттарды анықтау» № 4 практикалық 
жұмысы; 

«Тыныс алу процесін зерттеу» № 11 зертханалық тәжірибе. 
Бұл жаңа бөлімнің негізгі танымдық міндеттері – білім алушыларды 
шынайыөмірдегі кейбір маңызды биологиялық процестердің химиялық 
тараптарымен таныстыру. Биология курсынан алған білімді пайдаланып, білім 
алушылар адам ағзасының химиялық құрамын оқыпбіледі. Мұнда сондай-ақ
адам ағзасына кері әсер ететін зиянды заттар туралы мәліметтер беріп
салауатты өмір салтын ұстануға бағыттауға көңіл бөлу қажет.
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына «Тағам құрамынан 
қоректік заттарды анықтау»деп аталатын жаңа практикалық жұмыс енгізілген. 


157 
«Геологиялық химиялық қосылыстар» бөлімі де жаңадан енгізіліп отыр. 
Бұл жаңа бөлімде пайдалы геологиялық химиялық қосылыстар, табиғи 
ресурстар, кен орны, кен, кеннің құрамы, минералдар, табиғи ресурстарды 
өндіру, металдарды алу, Қазақстанның пайдалы қазбалары, минералдарды 
өндірудің экологиялық аспектілері ұғымдары оқытылады.
Қазақстанның байлығы болып табылатын жанар май қоры мен 
минералдық ресурстар туралы білім алушыларға «Жаратылыстану» және 
«География» пәндерікурсынан өз білімдерін жинақтап қорытуға мүмкіндіктері 
бар.Жер қыртысының химиялық құрамы, кендерден металл өндіру негіздері 
мәселелері қарастырылады.Бұл тақырыпты зерделеу жансыз табиғатта өтіп 
жатқан процестер туралы білімддерін тереңдетуге, сондай-ақпатриоттық 
сезімдерін оятуға мүмкіндік береді. 
8-
сыныптың оқу бағдарламасында жаңадан қосылған «Химиялық 
реакциялардағы энергиямен танысу» бөліміндетиісінше экзотермиялық және 
эндотермиялық реакциялар, термохимиялық реакциялар,отындардың жануы 
мен энергиясын бөлуі, кинетикалық бөлшектер теориясы тұрғысынан энергия 
өзгерту жаңа ұғымдар зерделенеді. 
Жану – ол, жылу мен жарықты қоса бөле отырып оттегімен жоғары 
жылдамдықта өтетін реакция. 
Жанатын бөліктің басты өнімі көміртек, ол көп мөлшерде жылу бөліп 
шығарады. Кейде көміртек қосылыстары шала жанған кезде өмірге қауіпті улы 
газ-иіс газы СО және күйе С түзіледі.
Термохимиялық теңдеулерді дұрыс жазуға көңіл бөлу маңызды. 
Термохимиялық теңдеулерді жазғанда заттардың агрегаттық күйлерін әріппен 
белгілеуге назар аудару қажет, мысалы: 
Н
2
(г) + Cl
2
(г) =2HCl (г) +184 кДж 
N
2
(г) + О
2
(г) = 2NO(г) -180 кДж 
Жаңартылған 
мазмұндағы 
бағдарламада 
практикалықіс-
әрекеттердағдыларын қалыптастыру әлдеқайда көп дәрежеде қарастырылған. 
Бұл арада практикалық және зертханалық жұмыстар ерекше рөл атқарады. 
8-
сыныпта жаңартылған бағдарлама бойынша 10 зертханалық тәжірибе 
берілген,оның ішінде 3-уі жаңа: 

«Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» № 2 зертханалық 
тәжірибе; 

«Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» № 4 
зертханалық тәжірибе; 

«Судың кермектігін анықтау» № 10 зертханалық тәжірибе. 
«Әрекеттесуші заттар массасының арақатынасы» зертханалық 
тәжірибесінде білім алушылар әрекеттесетін заттар қатынасын эксперименттік 
жолмен анықтайды. 
«Энергияның өзгеруімен жүретін химиялық реакциялар» зертханалық 
тәжірибе 2-ші тоқсанда өткізіледі. Бұл зертханалық тәжірибеде білім алушылар 
экзотермиялықреакциялар жылуды бөле отырып, ал эндотермиялық 
реакцияларжылуды өзіне сіңіре отырып өтетінін танып біледі.Тәжірибені 
оындаған кезде білім алушылардың қорғаныш көзілдірік кигендігін қадағалау 


158 
керек.
№ 10 «Судың кермектігін анықтау» зертханалық тәжірибесі«Су» бөлімін 
өткенде өткізіледі. Білім алушылар судың «кермектігін» анықтайды және оны 
жою тәсілдерін түсіндіреді.
Жаңартылған мазмұндағы типтік оқу бағдарламасы бойынша 
қолданыстағы бағдарламамен салыстырғанда 7-8-сыныптар үшін зертханалық 
жұмыстар саны көбейді.
58-
кесте. «Химия» оқу пәні бойынша зертханалық жұмыстар
Жұмыс түрлері 
7-
сынып 
8-
сынып 
9-
сынып 
Демонстрациялар


16 
Зертханалық тәжірибе
11 
10 
16 
Практикалық жұмыстар



Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне 
төмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі: 
Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді 
жүзеге асыру. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер. 
Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту. 
Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Белсенді және 
интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру саласындағы 
ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері. 
Білім мен дағдыларды түзету бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, 
өзін-өзі бағалаудағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ұйымдастыру. 
Химия пәні бойынша оқу сабақтарында бақылау-бағалау процесінде білім 
алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру. 
Білім алушылардың бірін-бірі бақылау,бірін-бірі бағалау, өзін-өзі бағалау,кері 
байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді 
жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру. 
Жалпы орта білім беру ұйымдарындағы химия пәнін оқытуда
ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. 
Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту 
және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында және сабақтан 
тыс қызметте заманауи технологияларымен электронды білім беру оқыту 
құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау, 
бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу 
үшін қолдану
дағдыларын. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып 
химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана). 
Академия мұғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмұнына көшу 
жағдайына әдістемелік ұсынымдамалар дайындады. Ұсынымдамалар 
Академияның сайтына орналастырылған. 
 
«Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 


159 
бағалау (БЖБ) және тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) өткізу қарастырылған. 
Төменде 59-кестеде оқу пәнінен бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық 
бағалау рәсімдерінің нақты саны көрсетілген. 
59-
кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны

Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны


1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
7-
сынып 




8-
сынып 




9-
сынып 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   244




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет