153
ажырамас бөлігі туралы саналы түсінікқалыптастыру.
Оқу пәнінің міндеттері:
1) жер бетіндегі барлық тірі ағзалардың құндылығын түсіну үшін өмірдің
құрылымды-функционалды және генетикалық негіздері туралы, тірі табиғаттың
негізгі патшылықтары
ағзаларының көбеюі мен дамуы, экожүйе,
биоалуантүрлілік, эволюция туралы білім жүйесін қалыптастыру;
2) экологиялық этика нормалары мен ережелерін, табиғатқа
жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру;
3) генетикалық сауаттылықты қалыптастыру –
салауатты өмір салты
негіздері, психикалық, тән және моральдық денсаулық сақтау;
4) оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамыту, биологиялық білімдерін
практикада қолдануға ұмтылу, медицина, ауыл шаруашылығы, биотехнология,
экологиялық менеджмент және қоршаған
ортаны қорғау саласындағы
практикалық іс-шараларға қатысу.
«Биология» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1)
7-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
2)
8-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
3)
9-
сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.
Оқу пәнінің мазмұны 4 бөлімді қамтиды:
1) тірі ағзалардың көптүрлілігі, құрылымы мен қызметтері;
2) көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік. Эволюциялық даму;
3) ағза мен қоршаған орта;
4) қолданбалы кіріктірілген ғылымдар
Жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасына
жаңадан қосылған
тақырыптар:
•
Дихотомиялық әдіс. Дихотомиялық кілттерді қолдану;
•
Аэробты және анаэробты тыныс алу
•
Дүниежүзілік Тұқым қоры;
•
Жасушалардың сызықтық ұлғаюын есептеу;
•
Биотехнологиялық үдерістің жалпы сызбасы және биотехнологияда
алынатын өнімдері;
Сонымен қатар жаңа бағдарламада терең меңгеруге арналған бірқатар
тақырыптар берілген:
•
Өкпедегі газ алмасу және ұлпалық тыныс алу механизмдері;
•
Контрацепцияның маңызы;
•
Ағзалардың тірі қалу стратегиялары;
•
Түрлі жағдайлардың ферменттер белсенділігіне әсері.
Сабақтарды жоспарлау кезінде практикалық дағдыларды дамытуға
бағытталған белсенді оқыту әдістерін қолданған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: