Оқу-әдістемелік құрал
12
2.2. БалалардЫҢ Өсу ЭталОНЫ меН қИсЫқтарЫ
Баланың даму графиктері педиатр мен жалпы практикалық дәрігердің жұмысындағы
маңызды құрал болып табылады. Олар баланың маңызды кезеңде физиологиялық өсу және
даму қажеттіліктеріне қол жеткізілген сәйкестік деңгейін анықтауға көмектеседі. Алайда өсу
барабарлығын түсіндіру қолданылған эталондық деректерге байланысты әрі егер бұл эталон
физиологиялық өсуді барабар көрсетпесе, ол қате болуы да мүмкін.
Өсу эталоны жекелеген баланың, балалар тобы мен олар өмір сүретін қоғамдастықтардың жалпы
әл-ауқатын бағалаудың неғұрлым жиі қолданылатын және құнды құралдар тобына жатады. Өсу
эталонының құндылығы іштегі нәресте дамыған кезде және бала кезде көптеген физиологиялық
үдерістердің баланың қалыпты өсуін қамтамасыз ету үшін қанағаттандырылуға тиіс екендігімен
байланысты. Сөйтіп, индивидтің немесе популяцияның денсаулығының жай күйін барабар
бағалау үшін баланың өсуіне берілген бір ғана баға жеткіліксіз болса да, қалыпты физиологиялық
даму негізгі нәтиже ретінде әл-ауқат аспектілерінен тұратын кез келген стратегияның қажетті
мақсаты болып табылады. Сәбилер мен бүлдіршін жастағы балалар денсаулығындағы айқын
білініп тұрған осалдық сонымен қатар балалар тұратын қоғамдастықтың саламаттылығы мен
әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалаған кезде баланың өсуі туралы деректерді «пайыздық»
индикаторға айналдырады.
0-ден 5 жасқа дейінгі балалардың ер балалар үшін бөлек және қыздар үшін бөлек стандартты
Физикалық даму картасы бар.
Әрбір карта үш жас ерекшелігі тобына арналған (0-ден 6 айға дейін, 6 айдан 2 жасқа дейін, 2 жастан
5 жасқа дейін) жоғарыда аталған 4 арасалмақты көрсететін 12 физикалық даму графигінен тұрады:
Бұл карталарда баланың физикалық дамуын дұрыс бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді (жасы,
салмағы, бойы/ұзындығы) барынша дәл көрсету қажет.
Физикалық дамуды дұрыс бағалау үшін әр балаға мынадай арасалмақты көрсететін 4 кестені
пайдалану қажет:
Достарыңызбен бөлісу: