Оқу-әдістемелік құрал
14
Мысал үшін ХЭКИ/ДДСҰ-2006 нәтижелері бойынша әзірленген физикалық даму қисығы мен
стандарттарын ұсынамыз.
Өсу модельдері жынысқа байланысты болғандықтан, стандарттар ұлдар (көк) мен қыздар
(қызыл) үшін бөлек белгіленген.
Әрбір графикте баланың физикалық дамуын бағалауда маңызды мәнге ие 5 қисық сызылған,
бірақ тиісті шаралар қабылдауды қажет ететін неғұрлым маңыздылары - 0 медианасы, -2 қисығы
және +2 стандартты ауытқулар (СА). Жасына қарай бойы/денесінің ұзындығы мен салмағы -2СА
және +2СА шамасындағы балалар физикалық даму көрсеткіштері қалыпты балалар болып санала-
ды. -2СА-дан төмен және –ЗСА қисыққа дейін, +2СА-дан жоғары және +ЗСА-ға дейін орналасқан
шамалар мейлінше арықтау мен семіріп май басуды болдырмас үшін назар аударуды және тиісті
шешім қабылдауды қажет ететін жоғары және төмен шамалар ретінде қаралады.–3СА қисығынан
төмен және +3СА қисығынан жоғары көрсеткіштер «аномальды» болып табылады.
ОсЫ Жас ҮШіН деНе салмаҒЫ
Дене салмағының көрсеткіші осы жас үшін дене салмағын да, сондай-ақ осы жастағы бойды
да қамтиды. Тамақ мәртебесінің көрсеткіші ретінде оның өз кемшіліктері бар. Осы жас үшін
дене салмағы төмен бала бойы жағынан да артта қалуы мүмкін және осы жас үшін денесінің
салмағы салыстырмалы түрде қалыпты болуы мүмкін (конституцияның ерекшелігі). Осы жас
үшін дене салмағының төмен болуы (салмақтың аз болуы) халықтың, атап айтқанда, балалардың
алиментарлық денсаулығының жалпы жай-күйін көрсететін тамақ жетіспеушілігінің алғашқы са-
тысы болып табылады. Осы жас үшін дене салмағының төмен болуы дененің салмақ қоспауының
немесе оны жоғалтудың салдары болып табылады. Бұл жағдай бірден пайда болуы немесе
бірден тоқтауы мүмкін, ол жедел және/немесе созылмалы тамақ жетіспеушіліктен немесе ауру-
дан (құнарсыз тамақ ішу, диарея, ОРИ, қызылша және т.б.) болады.
Басқа параметрлерден бұрын денеге салмақ қосу тамақтану бұзылған жағдайда өзгеретінін
атап өту қажет, ал бойдың өсуін баяулату немесе тоқтату айтарлықтай көп уақытты қажет етеді.
Сондықтан салмаққа мониторинг жүргізудің маңызы, әсіресе сәби кезінде зор.
Достарыңызбен бөлісу: