3 БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ алҒЫсӨЗ Жыл сайын әлемде 5 жасқа толмаған 7,6 миллион бала қайтыс болады. 25 еседен артық бала
тірі қалады, бірақ өзінің толық әлеуетіне жете алмайды. Соның нәтижесінде, сараптамалық
бағалауға сәйкес, елдер ересек халықтың өнімділігінің 20 пайызға жуығын жоғалтады [1].
Қазіргі кезде педиатрия, қоғамдық денсаулық сақтау, психология, педагогика және құқық
салаларындағы көптеген ғалымдар мен зерттеушілердің баланың дамуында оның өмірінің
алғашқы жылдарының атқаратын маңызы зор екені туралы пікірлері бір жерден шығады. Бұл
- аса зор мүмкіндіктер кезеңі, сонымен қатар жағымсыз әсерге осалдық танытатын кезең.
Баланың нәресте кезінен ата-анасымен және жақындарымен арада қалыптасатын қарым-
қатынасы оның денсаулығына, дамуына, қоғамға бейімделу қабілетіне, әлеуметтік мінез-
құлқының қалыптасуына елеулі түрде әсер етеді.
Баланың бүлдіршін кезінен жақсы тамақ ішіп, денсаулығының мықты болуы, ата-анасының
қамқорлық жасауы және оны оқуға ынталандыру балалардың мектепте жақсы нәтижелерге қол
жеткізуіне, денсаулығының дұрыс болуына және қоғам өміріне белсенді қатысуына көмектеседі.
Сенсорлық-қозғалу, әлеуметтік-эмоционалдық және сөйлеу/когнитивті қабілеттерін қоса
алғанда, балаларды бүлдіршін жасынан дамыту адамның бүкіл өмір бойында денсаулығының
болуына, оқуы мен мінез-құлқына аса маңызды негіз қалайды [2].
Балаға сапалы күтім жасау, қамқорлық көрсету, оның қабілеттерін мақсатқа сай дамыту тек
баланың өмірін, оның соматикалық денсаулығын сақтап қалуда ғана маңызды болып табылмайды,
сонымен қатар оның тұлға ретінде қалыптасуында да маңызы зор. Медицина қызметкерлерінің
басты міндеттерінің бірі баланың қорғаныш күштерінің сенімділігін, физикалық, эмоционалдық
және интеллектуалдық тұрғыдан үйлесімді дамуын қамтамасыз ету болып табылады.
Оқу-әдістемелік құрал 2012 жылы жаңартылған «Баланы дамыту мақсатында күтім жасау» мате-
риалдар пакетімен қатар бүлдіршін жастағы балаларды физикалық, психологиялық-әлеуметтік
дамыту стандарттары туралы ДДСҰ/ЮНИСЕФ-тің маңызды ақпаратынан тұрады.