Оқу-әдістемелік құрал
20
сүйеніп жүру
сипаттамасы.
Бұл кезеңде бала тірек ретінде қозғалмайтын
заттан ұстап (мысалы, жиһаз) саналы түрде алғашқы қадам жа-
сап, белгілі бір жаққа қарай өзінің денесін қозғауға ыңғайлайды.
критерийлері.
(а) бала арқасын тіктеп, тұрады; (б)
қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) бір немесе екі қолымен
ұстап, алға қарай не жанына бір қадам жасайды; (в) бір аяғы
денесінің салмағын ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады;
(д) сөйтіп, бала кемінде бес қадам жасайды.
тексеру әдістемесі.
Баланы дене салмағының негізгі бөлігі
аяғына түсетіндей етіп тұрған қалпында қою қажет. Бала
қозғалмайтын заттан бір немесе екі қолымен ұстай алатын-
дай немесе оған қол тигізе алатындай қол созым қашықтықта
болуға тиіс. Егер бала бірден келмесе, консультант балаға оның назарын аударатын ойыншықты
немесе затты көрсетеді. Одан соң баланы ойыншық тұрған жаққа қарай барып, оны алуға (кей-
де ата-анасының бірінің көмегімен) сендіруге тырысу қажет. Қозғалмайтын зат баланың ішінің
деңгейінде тұруға тиіс.
Өз бетімен тұру
сипаттамасы.
Бала денесінің тепе-теңдігін сақтай алу және аяғына
тұрып денесінің салмағын көтере алу қабілетін көрсетеді. Бұл
қалыпта баланың аяқтары бүгілмейді, бала бүгілмей және басқа бір
заттардан ұстамай аяғын басып тұрады (аяғының ұшымен емес).
Бала өз бетімен ұзақ уақыт бойы тепе-теңдігін сақтап тұрады.
критерийлері.
(а) бала арқасын тіктеп екі аяғын басып (бірақ
аяғының ұшымен емес) тұрады; (б) аяқтары салмағын 100% ұстап
тұрады; (в) бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді; (г) өз
бетімен кемінде 10 секунд тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: