БүлдірШін жастаҒы балалардЫҢ физикалЫқ ЖәНе ПсихикалЫқ- әлеуметтік дамуЫ (0-5 Жас) (Оқу-әдістемелік құрал) астана, 2014


БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ



Pdf көрінісі
бет16/51
Дата16.06.2022
өлшемі13,03 Mb.
#36959
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
Публикация на каз

19
БҮлдірШіН ЖастаҒЫ БалалардЫҢ ФИЗИкалЫқ ЖәНе ПсИХИкалЫқ-әлеуметтік дамуЫ 
БалалардЫҢ мОтОрлЫқ дамуЫНЫҢ НеГіЗГі кеЗеҢдері
тіреусіз отыру
сипаттамасы. 
Бала бүкіл денесі мен басын ешкімнің көмегінсіз 
және қолдарын тіремей ұстап тұра алады. Бала басын көтеріп 
тік (яғни алға қарай бүгілмей) отырады. Әдетте аяқтарының бірі 
бүгіліп тұрады. 
критерийлері.
(а) бала басын ұстайды; (б) бала тепе-теңдікті 
ұстауға немесе қолдарын тіреп өзіне көмектесуге тырыспайды; 
(в) бала кемінде 10 секунд тік отыра алады. 
тексеру әдістемесі. 
Балаға күлімсіреп бетті бұрып, оны 
отырғызу қажет. Одан кейін балаға екі қолымен ұстайтындай 
және оны тірек ретінде пайдалана алмайтындай етіп, ойыншық 
ұстату керек. 
еңбектеу
сипаттамасы. 
Бұл кезең алақандары мен тізелерін тірек етіп, 
аяқтары мен қолдарын кезек-кезек қозғалтып, бауырын көтеріп 
жорғалайтын кезең: оң қолы мен сол аяғы бірге алға жылжиды не-
месе артқа кетеді, немесе керісінше сондай тәртіппен.
критерийлері. 
(а) Қолдары мен тізелері алға немесе артқа қарай 
кезек қозғалады; (б) баланың бауыры жерге тимейді; (в) қатарынан 
кемінде үш рет үздіксіз және жүйелі қозғалады.
 
тексеру әдістемесі. 
Баланы етпетінен жатқызу керек, бірақ оның 
бауыры жерге тимеуі тиіс. Консультант балаға қарсы шамамен 
120–150 см. қашықтықта тұруы қажет. Бала егер өзі еңбектемесе оған баланың назарын аудара-
тын ойыншық немесе бір затты көрсету керек. Баланың ойыншыққа еңбектеп жетіп, оны қолына 
алуына ықпал ету қажет. 
сүйеніп тұру
сипаттамасы.
Бұл - баланың алға қарай қадам басу үшін бүкіл 
денесінің тепе-теңдігін ұстап тұруға тырысып, аяқтарына тұрып, 
тігінен қозғалу қабілетін игеруге алғаш рет тікелей қадам басу 
сатысы. Мұның негізгі мәні егер бала денесін тіремей әрі осы 
затқа қарай бүгілмей қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) екі 
қолымен ұстап тұрса, ол шын мәнінде өзінің салмағын ұстап тұра 
ала ма дегенге келіп тіреледі. 
критерийлері. 
(а) бала екі аяғына тұрады; (б) бала екі қолымен 
қозғалмайтын заттан ұстап тұрады, бірақ оған сүйенбейді; (в) 
баланың денесі қозғалмайтын затқа тимейді; (г) баланың аяқтары 
оның салмағын көтереді; (д) бала осы қалыпта сүйеніп кемінде 10 
секунд тұрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет