Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет136/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Құдайдың шын нансаңдар бірлігіне,
Ерлердің күш қосыңдар ерлігіне
Сарт демей, ноғай демей, қазақ демей,
Тілек қыл дін-мұсылман бірлігіне, –
деген өлең шумағында жатыр. Бұл ақындар түсінігінше барлық 
жақсылық, нұрлы өмір осы дінге деген сенімнен басталады. Өзге 
бағыттардан наным, таным бөлек болғанымен мақсат ортақ. Ол 
– азаттық, соған жеткізер дін-мұсылман бірлігі. Сан ғасырлық 
қазақ əдебиетінің тұнбатұнық қайнарының көзін ашып, Шығыс 
əдебиетінің кəусар бұлағынан нəр алған діни-ағартушылық 
бағыттың шұрайлы тіл, көркемдік үлгі негіздерінің түп тамыры 
тереңде.
Ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар алды-
мен Абай, Ыбырай ашқан өнегелі өрісті жалғап, оған орыс, ба-
тыс əдебиетіндегі өзгеше өрнекті ұштастырып, қазақ əдебиетін 
ізденімпаз жаңашылдықпен байытты. Абай, Ыбырайдың ағар-
ту шылық арнасын замана алға тартқан тың демократтық көзқа-
растармен толықтыра түсті.
Қоғамның дамуына, қазақ халқының өркениет елдерге бой 
түзеуіне ең қажетті нəрсе қоғамдағы əлеуметтік қатынастардың 
белгілі бір демократиялық заңдылықтарға бағындырылған жүйеге 
түсуі деп білді. Адам құқын қорғау арқылы жеке адамның еркіндігіне 
қол жеткізіп, демократиялық қоғамның қалыптасуына негіз салуға 
ұмтылды. Олар өз тұсындағы əлеуметтік теңсіздікті, адам құқының 
табанға тапталуын көзбен көріп, ішпен сезіп өскендер еді. 
Бұл бағыттағы ақын-жазушылар шығармашылығының негізгі 
өзегі – əлеуметтік теңсіздік, оның қасіреті мен кесепатын ашып 
көрсету болып табылады. Олар ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ 
қоғамындағы əйел теңсіздігі тақырыбына қалам сілтеу арқылы жал-
пы əлеуметтік теңсіздік ұғымының сан қатпарлы сипатын ашып, 


403 
теңдік сақталмауының сырларын көпке ұғындырудан үміттенді. 
Сөйтіп жеке бас теңсіздігінен жалпы ұлттық теңсіздіктің себеп-сал-
дарын көре алды.
Бұдан ағартушы-демократтар шығармашылығына тек əлеуметтік 
теңсіздік мəселесі арқау болған деген тұжырым тумаса керек. 
Əрбір творчестволық тұлғаға тəн рухани жан-дүние, ішкі сезім, 
адами мінез-құлық құбылысы, қоршаған орта табиғаты оларды да 
толғантты, тебірентті. Бірақ қаламы жүрдек тақырыбы – əлеуметтік 
теңсіздік болғаны шындық. Оқулықта біз мұны ағартушы-
демократтық бағыт өкілдерінің шығармашылығына жалпы шолу 
жасай отырып та, Шəкəрім, Сұлтанмахмұт сынды ұлы тұлғаларға 
жеке-жеке тоқталу арқылы да танытуға тырыстық.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ əдебиетіндегі үшінші бағытты 
біз ұлт-азатшыл бағыт деп атадық. Осы атау бізге орынды көрінеді. 
Өткен ғасырдың бас кезінде отаршылдық езгінің қыспағында 
қалған қазақ халқы ауыр қоғамдық дағдарысқа ұшырады. Міне 
осы тұста қазақ зиялыларының өзгеше бір тобы отаршылдық 
құрсауынан ұлтын босатар жол іздеп, жүйеге түскен бағдарламалық 
іс-əрекетке көшті. Бұл қазақ халқының ғасырдан астам азапты 
тарихындағы нұрлы сəулеге бет бұрған кезеңі еді. Яғни азаттық 
кезеңді жақындата түскен саяси күрес жылдары болатын. Осы саяси 
қозғалыстың басында Ахмет, Əлихан, Міржақыптар тұрса, олардың 
шығармашылығынан күрес идеясының, азаттық сарынның көрініс 
таппауы мүмкін бе?!
Ұлт-азаттық бағыттағы ақын-жазушылардың алға қойған басты 
мақсаттары – өз шығармаларында бостандық үшін күресу, еркін ел 
болып, тəуелсіз мемлекет құру идеясын көтеру. Осы бір азатшыл са-
намен ұштасқан ойды қалың қазаққа жеткізу. Өйткені оқу-білім да-
мып, əлеуметтік теңсіздік жойылып, дін еркіндігі етек жайғанымен 
əрбір ұлт өзін-өзі билеуге қол жеткізбей, өркениет жолына түсу 
мүмкін емес (Кеңес тұсында мұның дəмін таттық та...). Олар бүкіл 
мұсылмандық бірлікке де, түркілік бірлікке де қарсылық білдірді. 
Себебі бұлардың қай-қайсысы да қазақ деген ұлттың жойылуына 
алып келеді деп түсінді. Басты мəселе өз ұлтының бірлігінде деп 
білді. Бұған мысал Ахметтің “Бол десең де, болмаймын маған татар, 
Қасыңдамын жүр десең бірге қатар”, – деген жолдары куə.
Осы бағыттың көш басында тұрған Ахмет Байтұрсынов биік 
пафостағы азатшылдық рухты қазақ əдебиетіне алғаш болып алып 
келді. Ол салған азаматтық сарынды ізінен ерген, ұстазына сенген, 


404
азаттықты көксеген жалын жүрек інілері ту көтеріп алып кетті. Ар-
ман болған азаттық көркемдік шындыққа айналды. Азатшыл бағыт 
өкілдерінің қай шығармасында болмасын осы бір асқақ рухтан қуат 
алған өзекті ой алға шықты. 
Поэзияда Ахаң айтқан “Аш көзіңді оянып”, Міржақып қоштаған 
“Оян, қазақ!” осының жемісі. Мағжанның сезімнің қылын шерткен 
сыршыл өлеңдерінен де ұлы күреске деген ынтықтық сезіліп тұрады. 
Ол сомдаған Батыр Баян бейнесі – ел қорғаны ердің, ұлт азаттығы 
жолындағы күрескердің көркем сөзден соғылған құрыш тұлғасы. 
Прозадағы Міржақыптың Жамалы – өз еркіндігі үшін күресе білген, 
сол жолда мерт болған, теңдікке ұмтылған қазақ қыздарының типтік 
бейнесі іспетті, үлкен жанрда тұңғыш сомдалған тұғырлы тұлға.
Ұлт-азатшыл бағыттағы ақын-жазушылар дəуір шындығынан 
тудырған бір ақиқат жеке бас бостандығын жырлаудан жалпы ұлттық 
бостандыққа үндеуге жол ашты. Соған негіз қалады. Азаматтық 
биік рухты арқау еткен бұл əдебиет – халқым, елім, жерім деген ұлы 
ұғымдардан жалын жыр жаратқан нағыз ұлтжанды əдебиет болды. 
Өмірдегі күйкі тірліктен “Алашым” деген жалпы ұлттық сана басым 
келді.
Қорыта айтқанда, ХХ ғасырдың бас кезі – қазақ ұлты үшін ой-
сана оянуының дəуірі, əдебиет үшін рухани жаңару мен түлеудің 
кезеңі болды. Қазақ қоғамының жаңа тарихи кезеңге қадам басқан 
сəтіндегі өмір шындығын кемел көркемдікпен суреттеп, шынайы 
шындықпен бейнелей білген əдебиет күрделі де қызықты болғаны 
даусыз. Ол жаңа асқарға көтерілудің алтын көпіріне айналды.
ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ əдебиеті – шын мəніндегі 
алтын ғасыр əдебиеті. Ол – қазақ əдебиеті дамуы тарихындағы жаз-
ба əдебиеттің мейлінше дамыған, ең бір өркенді де өскелең кезеңі. 
Алдыңғы дəуірлерді жаңашылдықпен дамытқан, кейінгі кезеңге 
дəстүр ретінде жаңа серпін берген өміршең əдебиет. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет