397
Айтып-айтып, төгіп-төгіп мейлінше,
Болды азырақ жай тапқандай басылып.
Осы сəтте лирикалық кейіпкерге қайыққа мінген “хордың қызы”
кездеседі, ол бірден жалғыздықтан торыққан сезімшіл жанның еркін
билеп алады.
Жігіт елжіреп, егіліп, жүрегінің сырын, көңілдегі
мұңын ақтара бастайды:
Секунд сайын у жайылған жан өлмек,
Секунд сайын у жаюға жан келмек.
Ертеңгі өлік бүгін құрбан іздейді,
Біреу өлмей бар ма біреу күн көрмек?
…Аспан алыс, жердің түбі терең ғой,
Амалсыздан ыза боп жас төгем ғой.
Өмір – бүгін, бүгін соны білмесем,
Ертеңгі күн арманда боп өлем ғой.
…Əлденеден күдерімді үзбеймін,
Неменеден, неге екенін білмеймін.
Адам білсе, біледі де сөгеді,
Ыза болып оңаша жер іздеймін,
“Хордың қызы” жігіт жанын түсініп, өзімен бақытты боларына
сенім білдірген емереуін танытады. Сөзіне сенген жігітке өз шар-
тын қояды:
Мен не десем, тіл қайырмай көнесің,
Тек мені біл, басқалардан безесің.
Кем-қор жаннан маған жанды жуытпай,
Жанасқанды тұншықтырып езесің.
Төсек деп біл сондайлардың денесін,
Қорегіңе қанын сорып емесің,
“Əділдік” пен “қуаныш” деп қарамай,
Адал, арам – талғамай жей бересің.
Əрине лирикалық кейіпкер бұл шартты қабылдамайды.
Жауынгер боп жердің жүзін қан қылып,
Бай, патша боп, өзімдейді зар қылып,
Сырыңды айт деп табиғатты бүлдірсем,
398
Не ғылайын атақ алып ғалым боп?!
Ол өмірден қызық көріп не етейін.
Ол қызықпен қай арманға жетейін?!
Тіліңді алып, дегеніңе көнгенше,
Өмірімше жар сүймей-ақ өтейін.
Қызық! Бір қарағанда түс, қиял сияқты бірдеңе. Көп зерттеушілер
шынында да солай қабылдады. Мысалы: К. Шаменов шығарманы
баллада дей отырып, былай деп бағалайды.
“Бұл балладаның негізгі идеялық арқауы – ғылымды
меңгеріп,
дүниенің сырын білуге ұмтылған, шын бақыт осында деп ұққан жас
талапкердің іс-əрекеті арқылы күшпен бақытты болып жүргендерді,
соның төңірегіндегілерді əшкерелеу. Бұрынғы заманның бақыты –
зорлық-зомбылықтың салдары, оны қостаушылар – жын-шайтан
дейді автор. Сөйтіп, ол езілген еңбекшілерге пайдасы жоқ жалған
бақтан безеді де, жалпы халықтық бақытты аңсайды. Бұл – үлкен
суреткердің ежелден суреттеп келе жатқан гуманистік идеясы еді. Б.
Күлеев оны өзінше жаңа лебізбен жырлап бере алған.
Алдымен, шығарманың жанрлық ерекшелігіне келсек, ол сюжет
желісі жағынан лирикалық поэмаға ұқсас,
бірақ оқиға дамуы мен
суреттеу нақысына, автордың лиро-психологиялық шегіністеріне
қарағанда, балладаға жақындау екені рас. Бірақ көркемдік белгілері
оны неғұрлым поэмаға жақындата түседі. Бірақ зерттеушілер бір
нəрсеге назар аудармаған секілді. Ол – поэманың жазылу жылы.
1922 жылы Бернияз үш поэманы бір айдың ішінде жазып тастайды.
Неткен асығыстық. Неге асықты?..
Ақынды асықтырған ішкі жан
толқынысы еді. Тіптен оны өлімге жетелеген махаббат емес, осы
ішкі жан толқыныс па деген ойға қаласың. Өйткені ол өз өмірінің
мақсаты санаған, арман еткен ұлттық бостандыққа, ел еркіндігіне
қол жеткізе алмады. Күткен бағы “Хор қызы” сорға айналды. “Қызыл
тілі кісендеулі” Мағжанның күйін жанымен ұқты, жүрегімен сезінді.
“Гүл” деп санағаны “күл” болып шыққан ақын жанының шарқ ұруы
– нанымды нəрсе. Қызылдың əкелген кесапатының сырын ұққан Берни-
яз ашық айта алмасын біліп, қиял мен пернелеуді араластыра отырып,
шын сырын жайды. Ащы зарын төкті. Ахмет, Міржақып, Мағжандай
талай сыннан, талай тағдыр талқысынан өтпеген, өзегін өкініш өртеген
өрім жас суарылмаған шар болаттай шарт сынды. Бірақ айтарын айтып
кетті, алдамшы өмірге налып кетті.
Б. Күлеев поэмалары – сюжетсіз лирикалық толғаныс.
Мұнда
399
ақынның шағын жанрға сидыруға келмейтін ағыл-тегіл сезімі, биік
те өршіл рухы біте қайнасып жатыр. Шындықты көркемдікпен
өрнектеу, дүниені санамен түйсіну арқылы ақын символдық бейне-
леу мен нəзік лиризмді ұштастыра отырып, кесек сипаттағы, күрделі
туындылар жасаған.
Ендеше Бернияз Күлеев поэмалары – сыршылдық пен ойшылдық
қат-қабат келетін, көркемдік қуаты келісті, қазақ поэзиясындағы
эпикалық туындылар ортасынан
орнын ойып алатын құнды
дүниелер.
Қорыта айтқанда, Бернияз Күлеев – шын мəнінде халықтық
əдебиеттің алтын қазынасын аршып алып, ұлттық дəстүрдің
озығын өлеңіне өзек еткен ақын. “Абай – ақылдың ақыны, Мағжан
– ақынның ақыны” деген Сəбит Мұқановтың қанатты сөзі Берниязға
да дəл келеді. Иə, Бернияз – ақынның ақыны.
Оның поэзиясында
сыр да жетерлік, сезім де жетерлік. Ол – осы екеуін тоғыстыра оты-
рып, адамның жан құбылысын ашып, көзге көрінбес көңілмен сезер,
көкірекпен көрер сурет жасай алған суреткер. Сөзден сұлу өрнек
өрген ақынның қазақ əдебиеті төрінен мəңгілік орын алары еш та-
лас туғызбайды. Оның сұлу поэзиясы бүгінгі оқырман көкейінде
жатталып, ұлт сөз өнерінің асыл қазынасына қомақты үлес болып
қосылып, ғасырлар мұрасына айналып, ұрпақ жадында жаңғырып
тұрар жəдігер болып қала береді.
Достарыңызбен бөлісу: