Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет132/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Жас жолбарыс ер ұлан,
Ерінді көр жау қуған,
Ерік үшін жан қиған,
Жүретін болсаң, келіңдер!
Семсерімді шешпеймін,
Тұлпарымнан түспеймін,
Кегімді жауға кешпеймін,
Жорықшы бол да еріңдер! 
Туған халқының азаттық алуға, ерікті ел болуға деген құштарлығы 
ақынға асқақ романтикалық шабыт, таусылмас күш-жігер құяды.
Жалпы алғанда, “Жорық” поэмасы жаңа өлең үлгісінде өріліп, 
өршіл рухта жазылған көркем де мазмұнды туынды болып табы-
лады.
Бернияздың сезім мен сырға толы, төгіліп түскен əдемі де əсем 
поэмасының бірі – 318 жолдан тұратын “Жердің жүзі жаз еді”. По-
эма түгелдей Абайдың “алты аяғының” үлгісімен жазылған.
Жердің жүзі жаз еді,
Айт келіп жұрт мəз еді,
Қыз-келіншек күліскен.
Енді еркін аралап,
Жақын жерді жаналап,
Салтанатпен жүріскен.
Ызыңдаған бір жел жоқ,
Бұлт қаптаған бір жер жоқ,
Аспан беті тұнық ед.
Төсін көріп ырғалып,
Иісті гүлге бұлғанып,
Күліп жатты дала да.
Жауқазындай жайқалып,
Жан біткендей шайқалып
Сыбырласты сала да.


393 
Бұл поэма – толғаныстан туған күрделі туынды. Шығарма 
лирикалық сезім-күйге құрылып, ақын басынан өткен үлкен 
сүйіспеншіліктің сырлары ашылады. Поэмадағы сыршыл-сезім 
күйлері табиғаттың сұлу суреттерімен астасып, əдемі жарастық 
тауып, егіз ішектей өріліп отырады. Табиғаттың тұнық көрінісі 
мен əсем құбылысын астар етіп алған ақын өзінің жалындаған 
жастық сыры мен шешілмеген махаббат мұңын елжірей жыр-
лап, тебірене жеткізген. Əсем табиғат аясында, жұрт көңілі шат-
шадыман тұсында бір кездегі сүйгенін жолықтырған лирикалық 
қаһарман атты сезімге оранып, қатты толқиды. Бірақ махаббаттағы 
адалдықты ардақ тұтқан лирикалық кейіпкер сезім тізгінін те-
жеп, ойын хатпен білдіріп, соңғы сөздің шешімін сүйгеніне 
қалдырады. Осы бір қайта табысқан сəтте де өз сезімі бір сонау 
бір кездегідей екенін білдіріп, шешуін сүйгенінен күтеді. Мұны 
ақын былай толғайды:
Не қылсаң да өзің біл,
Өзің сөк те, өзің күл,
Сенің толық еркің бар.
Қашаннан-ақ ойымда
Сенің ізгі жолыңда
Құрбан болмақ сертім бар…
Осы ойды түйіндей келе ақын кейінгі болар сұмдық оқиғаны 
көзімен көргендей, əлде елес бергендей дəл суреттейді. Өзін тағдыр 
еркіне бергенін, соған мойын ұсынғанын шегелей айтады.
Жүрегімнің жанғанын,
Қасық қаным қалғанын –
Бергенше тағдыр залымда,
Жарқыратып жанымды,
Сарқыратып қанымды, 
Өз қолыңмен бауызда!!!
 
Автор өз шығармасында ұлтының ұрпақтан-ұрпаққа өсиет болып 
келе жатқан ұлы қағидасын тағы да қайталап, “Ғашықтық жолы бір 
басқа” екенін тағы дəлелдей түседі. 
Поэманың басты идеясы да осыны меңзейді. Яғни сүйіс-
пеншілік, махаббат сияқты мəңгілік тақырыпты сөз ете отырып, 
26–853


394
осы сезімге деген адалдықты, пəктікті дəріптейді. Сөйтіп ақын 
өз оқырмандарын осынау ұлы сезімге табындыруға ұмтылады. 
Соған үндейді.
Ақынның өзі поэма деп атап, айдар таққан поэмасы “Қайда 
екен?”. Поэма 438 жолдан тұрады. Бұл поэма да ғашықтық, 
сүйіспеншілік тақырыбын арқау еткен, асқан шебердің қолынан 
шыққан лирикалық шығарма.
Тақырыбынан көрініп тұрғандай лирикалық дастанның 
желісіндегі негізгі мазмұн – сүйіктісінен аласапыран заманда көз 
жазып қалған лирикалық кейіпкердің сағынышы мен сүйгенін 
іздеп аласұрған жүректің ащы зары. Бұл – шындығына келген-
де сағынышқа толы мұңлы сыр. Осы сырды өзек ете отырып, 
лирикалық қаһарман сонау алаңсыз, қамсыз-мұңсыз күндерді еске 
түсіріп, сол бір тəтті, сағынышты кезеңге ой жібереді, көз алдына 
елестетіп, тəтті қиялға беріледі. Сол бір кездің естен кетпес елестері 
жыр жолына сурет болып төгіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет