Оқулық Алматы, 012 ƏОЖ



Pdf көрінісі
бет61/140
Дата16.06.2022
өлшемі3,28 Mb.
#36961
түріОқулық
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   140
Байланысты:
Әбдиманұлы-Ө.-ХХ-ғасыр-басынд.-қазақ-әдебиеті-Оқулық-2012ж

Өрмелеп шығып, күн болам!


189 
Қараңғылық көгіне,
Күн болмағанда, кім болам?!
Көркем тілдің шырайын ашып, сөзбен салған суретке жан 
бітіріп тұрған отты жыр – бір сəттегі шабыттан шығып, бір тыны-
спен жағылғаны анық. Шағын лирикалық өлеңнен жалынды жыр-
ды туғызған ақынның өзіне деген сенім-күші, күрескерлік рухы, 
қайтпас қайсарлығы, қажымас қайрат-жігері, жастық жалыны 
айқын танылады.
Жалпы алғанда, Сұлтанмахмұт поэзиясында саяси лирика, 
əлеуметтік сарын басымдау келеді. Ақынның 1907-1911 жылдары 
жазған өлеңдерінде өзі көріп, байқаған өмір құбылыстары, кейбір 
өктемшіл үстем тап өкілдерінің, білімге құштар жастардың образда-
ры бейнеленіп, нанымды да дəл болып шығады. Көркем портрет пен 
пейзаждар да жалаң жасалмай, өмір құбылыстары мен əлеуметтік 
жағдай қат-қабат алына отыра Абайдың реалистік дəстүрінде 
бейнеленеді. Ақын поэзиясында Жарқынбай, Күлəйме, Мұқан, 
Сарыбас, Шүкібай сияқты образдар жасалып, нақты бейнеледі. 
Мысалы, “Жарқынбай” деген сюжетті өлеңі – осы тұстағы жазған 
өлеңдерінің бір озығы деуге боларлық, ақынның талант ұшқынын 
танытатын өлең. Мұнда Мұқан, Жарқынбайлардың іс-əрекеттері 
мен мінез кескіндері сомдалып, əрқайсысы өзіне тəн белгілерімен 
айқын дараланған, Жарқынбай мол байлығы мен сатып алар атақ 
шеннен басқаны білмейтін озбыр, надан кейпінде суреттелсе, 
Мұқан орысша оқыған, адамгершілігі мол, бірақ бойында қайрат, 
ісінде айбат жоқ жігіт бейнесінде беріледі. Ал Күлəйме болса, айны-
мас махаббаттың қатал азабы мен ескі салт-сана қорлықтарына шы-
дай жүріп қиналатын дəрменсіз ару. Бұл үшеуінің бойынан ешбір 
ұқсастық таба алмайсыз. Əрқайсысын ақын өз орнымен көрсетіп, 
нанымды етіп суреттей білген.
Сұлтанмахмұтқа ақындық өнерді құдай дарытқан. Оның 
шеберлігі – əр сөздің орнын таба білуінде. Орайын тапса, ойнамай-
тын сөз жоқ. Мына өлеңіне назар аударалық.
Ақ сəуле күміс жүзді, құндыз қабақ,
Сен гүлсің иіс шашқан жарып сабақ.
Болғанда көзің – жақұт, етің – торғын,
Қасың – ай, шашың – жібек, мамық – тамақ.


190
Бұл өлеңде ақын сұлу қыздың бейнесін беруде күміс жүзді, 
құндыз қабақ, мамық тамақ секілді эпитеттерді қолданып суреттесе, 
көзің – жақұт, етің – торғын, көзің – нұр, сөзің – алма, аузың – алтын 
деп, адам образын жасауда аса нұсқалы метафораларды қолданады.
Ақын енді бірде “Соқыр сопы”, “Неке қияр”, “Шұбар қожа” 
өлеңдерінде жағымсыз мінез-құлық, кейбір арамзалардың жат 
қылықтарын əшкерелеп, ащы тілмен өткір түйрейді. Мысалы, 
“Шұбар қожа” өлеңінде:
Сұрайтыны ат, айғыр, қошқар, бұқа,
Түк білмей-ақ, күбірлеп, оқып дұға.
“Емдеймін” деп, өлтірген аруларды,
Елдегі үлкен кесір Шұбар қожа, 
дейді. Қараңғы елді алдап, мал тауып жүрген Шұбар қожаның 
іс-əрекеті арқылы сол кездегі дүмше молда, қожа, сопылардың 
бейнесін көрсетеді.
“Ақын шығармаларының тақырыптары – түгелдей шынайы 
өмір, қазақ халқының Сұлтанмахмұт тұсындағы өмірі. Сұлтан-
махмұт шығармаларының жиыны қазақ халқының Қазан ре-
волюциясынан бұрынғы, революция жылдарындағы қоғам 
тіршілігінің, дүние, қоғам тануының, əдет-ғұрып шындығы, 
əрі əділ сыны, халықтың ой-арманы, тілек-мақсаты”, – дейді 
ақынның түбегейлі зерттеушісі Б. Кенжебаев.
Ақын айналадағы құбылысқа жіті қарап, оны ақындық көңілмен 
қабылдап, көргенінен қорытынды шығарып, ой түйеді. Оны өлең 
жолдарына айналдырып, өзін қоршаған ортадан ойып алған небір 
бейнелердің кейпін жасайды. Бірде көрік десе көрік жоқ, ішкен мен 
жегенге мəз болған, сиықсыз шолжың боп өскен бай қызының түр-
əлпетін күлкіге айналдырса, бірде сезімнен жұрдай малына сенген 
əумесерді келемеж етеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   140




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет