186
өлеңінде айтар ойды көркем суретпен өрнектеп, өзі өмір сүрген
қоғамдағы ең бір өзекті екі мəселеге назар аударады. Бірі – дін
мəселесі, екіншісі – əйел мəселесі. Дінді бұзып отырған арам мол-
дамен өз қадірін өзі кетірген қыз жайлы түйінді ой айтып, олардың
есте қалар бейнесін жасауы ақынның жас қаламының ұштала
басталғанын танытса керек.
Сұлтанмахмұт шығармашылығының өзекті тақырыбы – оқу-
ағарту. Алғашқы өлеңдерінен-ақ көрініс беретін бұл тақырып, ақын
поэзиясының үзілмес желісіне айналған. ХХ
ғасыр басындағы
ақындар шығармашылығында бұл тақырып үнемі алдыңғы қатарға
шығып отырғаны белгілі. Бірақ Сұлтанмахмұт поэзиясында
ағартушылық тақырып тек насихаттық, үгіттік аяда қалып қоймай,
терең ой, нəзік сезім, көркем тіл арқылы өрнектеліп,
оқушының
“тіліне жеңіл, жүрегіне жылы” тиер күйде жазылған ақындық
өнердің озық үлгісі болып келеді.
Ақын оқу-білім тақырыбын ақындық жолының алғашқы
кезеңінен-ақ өз шығармашылығына өзек ете бастаған. “Орны-
мыз медресе оқып жатқан”, “Оқу”, “Оқып жүрген жастарға”,
“Талиптарға”, “Оқудағы мақсат не?” өлеңдері осының айғағы.
Сұлтанмахмұт оқу-ағартуды арқау еткен
өлеңдерінде өз мақсаты
мен қазақ жастарының мақсатын ұштастыра отырып жырлайды.
Ақынның жеке арманы, мақсаты, білім-ғылым туралы түсінігі жеке
басының ғана емес, ұлт қамын ойлаған жанның биік азаматтық
мақсаттарымен айшықталады. Мəселен “Оқуда мақсат не?”
деген
өлеңінде ақынның жалқыдан, жалпының мəселесін тануы нақты
көрініс тапқан. Өзінің оқу оқып, білім алудағы мақсаты белгілі ақын
өзгелерге ой салып, санасын оятуға ұмтылады. Жалпы “Оқуда мақсат
не?” – деген сұрақты қоя отырып, білім алушы шалағай шəкірттерді
молда я тілмаш болу емес, елді ұлы мəдениетке жеткізер, ел игілігі
үшін қызмет етер ағартушылық міндетке бейімделуге шақырады.
Оларды “Молда болып төрде отыруды”, “Тілмаш болып жем табу-
ды” көздемей, елдің ертеңіне ие болып, өрге жетелеуді мақсат тұтуға
үндейді.
Яки мақсат: өнер, білім алуға,
Алға қарай баруға.
Намыстанып қорланып,
Хұқықтан махрұм қалмауға.
Достарыңызбен бөлісу: