192
Өзегімді жандырдың,
Идеямнан тандырдың.
Өмірлік кетпес қайғымды,
Бір көз салып қалдырдың, –
деп, сезімі мен назын қатар жеткізсе, тағы бір сəтте:
Көлеңкеңді көрейін,
Құрбандықта өлейін.
Жандырдың өзің өрт салып,
Баспасаң қайтіп сенейін, –
дей келіп, сүйген сұлуына деген адал сезімін ақтара тебіренеді:
Сірə да жалғыз мен емес,
Сенсіз дүние тең емес.
Ауруым қатты өлемін,
Өзіңнен басқа ем емес.
Сұлтанмахмұт – адамға тəн сезімді, көңіл күйдің сəттік ахуа-
лын тап басып суреттей алатын, оны көркем образ, көркем суретке
айналдырып, көз алдыңнан кетпестей, жүрекке əсерін ерекше етіп
бере білетін сыршыл лирик ақын.
Сұлтанмахмұт көптеген лирикалық өлеңдерінде лирикалық
кейіпкер атынан сыр шертіп, өлеңдегі сезімділікті өзгеше бір күйге
бөлеп тастайды. Мұндай өлеңдерінде айтылар ой, нақтылықтан
гөрі, жалпылыққа ауысып, барлық оқырманға ортақ сезімдей
қабылданып, оқушыға ерекше əсер етеді. Бұл – лирикалық тəсілдің
бір түрі. Осы тұрғыдан қарағанда ақын өлеңдерінің мəн-мағынасы
оқырман ұғымына, сезіміне сай келіп, жүрегімен табысып, жанына
жақын болып жатады.
“Алты аяқ” деп аталатын лирикалық өлеңінде өмір үшін
арпа лысқан, өмір тұңғиығындағы небір қиындықтар мен
қиыншылықтарды жеңіп, жарқын болашаққа ұмтылған лирикалық
қаhарманның бейнесін сомдайды.
Достарыңызбен бөлісу: