58
өңірі», «Ана тілі», «Түркістан» сияқты газеттердің тілін бір-бірімен салыстыру
жасап, олардың ерекшеліктеріне прагмалингвистикалық баға берген [97].
Бүгінгі ақпарат пен телекоммуникация дамыған заманда кино саласын,
яғни кино тілін зерттеушілер де бар. Мәселен, Ш. Нұрмышева «Кинодискурс
аудармасының
коммуникативтік-прагматикалық
сипаты»
(2010)
атты
кандидаттық диссертациясында аударма теориясындағы
«түпнұсқа шығарма –
аудармашы – оқырман – әсер» жүйесіне негізделген «
түпнұсқа фильм –
аудармашы – дыбыстаушы – уақыт – көрермен – әсер» сынды жаңа жүйені
ғылымға ұсынды. Кино әлемі де – көркем шығарма сияқты үлкен бір жүйе
негізінде жасалатын дүние. Ғалымның пайымынша, «кино жанрларының
көздеген мақсаты мен тілдік жеткізілуінің өзіндік ерекшеліктері мен
айырмашылықтары оның коммуникативтік қызметін сипаттайды. Яғни
прагматикалық әлеует – ақпараттың мазмұны мен оны жеткізудегі тілдік
құралдарды таңдай білуге байланысты» [98]. Шынында да, қандай да бір терең
мазмұнды немесе жеңіл мазмұнды киноның берер тәлімі, көрерменге ықпалы,
әсері болуы керек. Ал сол терең мазмұн мен тәлім қандай бірліктер арқылы
оқырманға жететіні сол кино тілі немесе кешенді сипаттағы дискурсы
прагматиканың өзекті мәселесі болмақ.
Қорыта келгенде, көркем мәтінді прагматикалық аспектіде қарастыру
арқылы тілдің қолданыстық жаңа қабаттарын, әлеуметтік жаңа қырларын ашуға
мүмкіндік туады. Көркем мәтіндегі кейіпкердің тілін көркем шығармадағы
автордың идеясы, автор қандай формада беріп, қандай таныммен жеткізуі
шығарманың прагматикалық белгілерін танытады. Себебі көркем мәтіннің
негізгі қазығы –
автор, автор тұлғасы. Сондықтан
автор – кейіпкер – оқырман
үштағаны негізінде ғана көркем туынды адресатқа жетіп, антропоөзектік
сипаттағы коммуникативтік қызмет атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: