Аккузова айнур абдыжалиловна


Зерттеу тақырыбының өзектілігі



Pdf көрінісі
бет7/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі тіл білімінде қалыптасқан антропоөзектік парадигмаға сәйкес 
айқындалған жұмсалым барысындағы сөздің болмысын тану үрдісі сөз иесінің 
тұлғасымен сабақтасып, негізінен мәтіндік кеңістікте өріс алатыны көркем 
мәтін тілін зерттеу мәселесін жаңа қарқынмен дамытуда. Оны жаңа деңгейге 
көтеру үшін мәтін семантикасын жаңа қырынан дамыту қажеттілігі туындады. 
Осымен байланысты, ақиқат болмыстың коммуникативтік мәтін мазмұнындағы 
актіге қатысты үлгілерін зерттеу қатысымдық семантика мәселесінің маңызын 



арттыра 
түседі. 
Мағынаның 
мәтіндегі 
қолданыстық 
сипаты 
осы 
коммуникативтік семантика аясында жүзеге асырылады. Сондықтан 
қатысымдық семантика мәселесін зерттеуді толықтырып, жетілдіруге қатысты 
қазақ тіл білімінде көркем мәтіндегі қатысымдық бірліктердің прагматикалық 
әлеуетін, уәждемелік дәйегін қарастыру – қазақ тіл білімінде мәтіндік 
лингвистика өрісін кеңейте түсетін өзекті мәселе.
Ал көркем шығарма мәтіні – адамның (кейіпкердің) белгілі бір тарихи 
кезеңдегі әлеуметтік топтың өкілі ретіндегі өмір сүру дағдысын, жағдайын, 
тіршілік әрекетін т.б. автордың түрлі тілдік амалдар мен көріктеу тәсілдері 
арқылы бейнелеген біртұтас жүйесі. Соған сәйкес автор – кейіпкер – оқырман 
сабақтастығынан тұратын антропоөзектік тұтастыққа сүйенген көркем мәтін 
прагматикасы тілдік қарым-қатынас субъектісін сол мәдениеттің өкілі ретінде 
танытады. Осымен байланысты, кейіпкер бейнесін оның тілі арқылы сипаттау 
шеберлігі тұрғысынан ерекше шығармашылық дарынымен көзге түсетін қазақ 
қаламгерлерінің бірі – Д. Исабеков. Осы кезге дейін жазушы тілін, стилін автор 
бейнесін лингвостилистикалық тұрғыдан зерттеу барысында тілдік жүйенің 
деректеріне сүйену тәжірибесі қалыптасқаны белгілі. Бұл жүйеде көбінесе 
жалпыхалықтық тілдің бір бөлігі ретіндегі сөйлеу тілі зерттеу аясынан тыс 
қалады. Ал Д. Исабеков – өз шығармаларында қазақ болмысына тән көркемсөз 
жүйесін бейнелеуде кейіпкерлері тіршілік етіп, белгілі бір кәсіппен айналысып, 
тұрмыс кешетін аймағының сөйлеу тіліндегі әлеуетін шебер қолданып, шынайы 
бейнелеген жазушы. Сондықтан өзінің тұлғалық танымына сай әлемнің көркем 
бейнесін жасаушы тілдік тұлға ретінде Д. Исабеков шығармашылығының 
коммуникативтік-прагматикалық жүйесін автор мен кейіпкер тұтастығына 
сүйенген антропоөзектік парадигмада зерттеудің өзектілігі ерекше.
Автор өз білімінің жиынтығын (өмірлік тәжірибесіндегі түрлі 
жағдаяттарға, адамдар арасындағы әлеуметтік қарым-қатынасқа, қоршаған әлем 
және т.б. туралы ұғым-түсінігіне қатысты) көркем мәтіндеріндегі 
прагматикалық бағдарда қалай қолданатынын, бұл білім осы мәтіннің 
адресатына қаншалықты әсер ететінін, оқырман оны қалай қабылдайтынын 
анықтау аса маңызды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет