Аккузова айнур абдыжалиловна


Диссертацияның зерттеу нысаны –



Pdf көрінісі
бет8/85
Дата23.06.2022
өлшемі2,11 Mb.
#37214
түріДиссертация
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85
Байланысты:
Аккузовой А.А., Диссертация

Диссертацияның зерттеу нысаны – антропоөзекті парадигма аясындағы 
көркем мәтіннің прагматикалық әлеуеті. 
Зерттеу пәнін көркем мәтіннің прагматикалық әлеуетін құрайтын тілдік 
бірліктердің табиғатын ашу, сол арқылы автордың танымдық әлемін түсіну 
идеясы құрайды.
Зерттеу жұмысының мақсаты – көркем мәтіннің коммуникативтік-
прагматикалық әлеуетін антропоөзектік парадигма аясында ашу.
Осы мақсатқа сай мынадай зерттеу міндеттері анықталады: 

тілдік құралдардың өзектелу ерекшеліктерін коммуникативтік-
прагматикалық контекст деңгейінде сипаттау және қатысым жағдаятының 
оқырманға ықпал етуінің негізгі қағидаттарын анықтау; 
- жазушының діттеміне сәйкес мәтін құруда қолданылған тілдік 
құралдардың прагматикалық уәждерін белгілеу; 




мәтіндегі окказионалды сипаттағы стилистикалық құралдардың 
прагматикалық мәнін бөліп көрсету; 

көркем мәтін түзудегі мазмұндық-концептуалдық ақпараттың 
прагматикалық мәнін ашу;
- автордың рухани әлемі мен аялық білімінің оның коммуникативтік 
діттеміне ықпалын дәйектеу. 
Зерттеу әдістері. Алға қойылған міндеттерді шешу үшін жұмыста 
қарастырылатын тілдік бірліктерді көркем мәтіндерден жинау, сипаттау әдісі
мәтіндік, мән-мәтіндік талдау, көркем шығармадағы тілдік бірліктерді мәдени, 
жағдаяттық, коннотаттық қолданыстарды түсіндіру (интерпретация) әдісі, т.б. 
әдіс-тәсілдер кешенді түрде қолданылады. 
Зерттеудің ғылыми-әдістанымдық негіздерін тіл біліміндегі Ю. Н. 
Караулов, В. В. Виноградов, А. Ю. Маслова, Г. Б. Колшанский, Г. Г. Матвеева, 
И. В. Самарина, Л. А. Новиков, И. А. Широкова және қазақ Тіл біліміндегі 
А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов, Ә. Қайдар, Р. Сыздық, Қ.Өмірәлиев, Н. Уәли, 
Ж. Манкеева, Ф. Оразбаева, Э. Сүлейменова, Б. Шалабай, Қ. Жаманбаева, 
Б. Момынова, Г. Смағұлова, Г. Мұратова, Э. Оразалиева, Ш. Елемесова, Ж. 
Сәткенова, З. Ерназарова, Г. Әзімжанова, Д. Әлкебаева сияқты ғалымдардың 
іргелі теориялық тұжырымдары құрады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   85




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет