Аа
А
Си
Н
Рb
Ni
+1,5
+0,79
+0,34
0
-0,12
-0,22
Ғе
Сr
Zп
-
Ті
АІ
-0,44
-0,51
0,76
-
1,21
-1,66
Сутегінен кейін орналасқан металдар теріс әлеуеті артқан сайын жақсы
ериді. Ал оң әлеуетті металдар нашар ериді.
Егер электролит ішінде әртүрлі электрондық әлеуеті бар екі металл
орналасса, онда теріс электрондық әлеуеті жоғары металл (анод) ерітпеге
ӛз иондарын үздіксіз беріп тұрады, яғни ериді. Ал артық электрондар
үздіксіз теріс электрондық әлеуеті тӛмен металға (катод) беріліп отырады.
Бұл жұпта катод қирамайды, ӛйткені электрондар одан қоршаған ортаға
кетеді.
Техникада қолданылатын металдар мен қорытпалар поли- кристалдық
денелер болып табылады. Олардың микроқұрылымы бір немесе бірнеше
фазалардың түйіршіктерінен құрылады. Бүл әртүрлі қүрылымдардың
физикалық-химиялық қасиеттері әртүрлі болғандықтан, электролитпен
34
әсерлескенде оларда шамасы және таңбасы әртүрлі электродтық әлеует
пайда болады. Бірі анодқа, ал екіншісі катодқа айналады. Яғни техникалық
металдар мен қорытпаларды электролитпен әсерлескенде ӛте кішкентай
коррозиялық гальваникалық жұптардан тұратын кӛп электродты элемент
деп қарастыруға болады.
Қорытпа фазаларының электродтық әлеуеттерінің айырма- шылығы
неғүрлым жоғары болса, ол соғұрлым тез коррозияға үшырайды. Осыдан
келесі тұжырымға келуге болады: коррозияға ӛте таза металдар немесе
біртекті қүрылымы бар қатты ерітінділер тӛзімді болады.
Металдар екі күйде болуы мүмкін: пассивті және активті. Пассивті деп
металдың коррозияға жоғары тӛзімділік кӛрсеткен күйін айтады. Кері
күйін активті деп айтады.
Тәжірибе кӛрсеткендей, металдың активтік күйден пассивтік күйге кӛшуі
оның әлеуетінің жоғарылауына байланысты. Мыса- лы, қалыпты жағдайда
темірдің электродтық әлеуеті -0,4 В болса, пассивтік күйде ол +1,0 В дейін
жоғарылайды.
Пассивтік күйді түсіндіретін бірнеше теория бар. Оның бірі - пленкалық
теория. Бүл теория бойынша тотықтырушы орта- да оңделген металдың
коррозияға тӛзімділігінің артуы - оның бсгінде қалыңдығы 1,0...3,0 НМ
(10...13 ангстрем) химиялық қосындылардың ӛте берік пленкасының пайда
болуының нәтижесі. Мұндай пленка металл бетін түгел жапқанда және
берік болғанда ғана металды қорғай алады.
Металдың пассивтік күйінің жоғарылауы тотықтырушы заттың
КОНЦЕНТ
рациясымен шектеледі. Бұл шектен асқан соң, пленка ӛзінің
қорғаушы қасиетіп жоғалтады. Бұл құбылысты транспассивация деп
атайды.
Кейбір металдарда (мысалы, алюминий, хром, титан) тұрақты пассивтік
пленка қалыпты атмосфералык жағдайда ӛзінен-ӛзі пайда болады. Бұл
металдарды ӛздігінен пассивтелетін деп атайды.
Химиялық активті металдың коррозияға тӛзімділігін жоғарлату үшін
оларға легірлеуші элементтер қосады.
Қандай да бір металды одан асылдау металмен легірлегенде, бастапқы
шамада оның әлеуеті ӛзгермейді. Бірақ легірлеуші элементтің
конңентрациясы белгілі бір шамаға жеткенде, металдың әлеуеті күрт
жоғарылайды да, коррозияға тӛзімділігі де күрт кӛтеріледі.
Тәжірибе корсеткендей, мұндай күрт ӛзгеріс легірлеуші эле- мент пен
легірленетін металдың атомдарының қатынасы 8-ге тең болғанда
байқалады, яғни п/8 болғанда, мұнда n бүтін сан
1, 2, 3.... Бұл легірлеуші элементтің мӛлшері 12,5; 25; 37,5 %
болғанына сәйкес. Сондықтан тотықпайтын болаттарда легірлеуші
элементтердің мӛлшері осы кӛрсетілген шамада болады.
Тотықпайтын болаттар.
35
Атмосфералық тотығуға қарсы тұратын болаттарды тотық- пайтын
болаттар дейді. Олар бір фазалы құрылымды аустенит, фер- рит немесе
мартенситті болады.
Хромды болаттарда 12X13, 15Х25Т, 30X13 және т.б. тотығуға тӛзімді хром
темірде ериді де, болат бетінде Сг
Достарыңызбен бөлісу: |