Конструкциялық материалдар және термоөңдеу Конструкционные материалы и термообработка Constructional materials and heat treatment Учебное пособие для специальности: 5В071200– «Машиностроение»



Pdf көрінісі
бет9/77
Дата06.07.2022
өлшемі1,99 Mb.
#37521
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77
Байланысты:
montaev s h

 
Дәріс №5. 
Көміртекті болаттар 
Дәріс сабақтарының сұрақтары: 
1.Болаттардың жалпы жіктемесі. 
2.Кӛміртекті конструкциялық болаттар. 
3.Кӛміртекті аспаптық болаттар. 
1.
Болаттарды келесі параметрлер бойынша топтастырады: 
1. Жұмсалуы бойынша; 
2. Химиялық құрамы бойынша; 
3. Құрамындағы кӛміртек мӛлшеріне байланысты; 
4. Тепе-теңдік күйдегі құрлымына байланысты; 
5. Тотықсыздандыру дәрежесіне байланысты; 
6. Құрамындағы лигерлеуші элементтерге байланысты; 
Жұмсалуына байланысты болаттарды конструкциялық және аспаптық
деп ажыратады. Конструкциялық болаттарды машина жасау және құрылыс 
болаттары деп бӛледі. Аспаптық болаттарды кескіш, ӛлшеуіш аспаптарға 
және деформациялауда қолданатын штамптарға арнайды. 
Химиялық құрамына байланысты конструкциялық және аспаптық 
болаттар кӛміртекті және лигерленген болып бӛлінеді. Кӛміртекті 
болаттардың құрамына: темір, кӛміртек және тұрақты қоспалар(Mn,Si,S).
Mn,Si-пайдалы 
қоспалар, 
S,Р-зиянды 
қоспалар. 
Күкірт-қызудан 
сыңғыштығын, фосфор суықтан сыңғыштығын тудырады. Лигерленген 
болаттарды алу үшін, ерекше қасиеттерді беру мақсатымен және 
механикалық қасиеттерді арттыру үшін белгілі мӛлшерде арнаулы 
қоспаларды енгізеді. Мысалы, никель, хром, маргенец, т.б. 
Кӛміртек мӛлшеріне байланысты болаттарды аз кӛміртекті(0,025-
0,25%С), орташа кӛміртекті (0,030-0,55%С), жоғары кӛміртекті (≥0,60%С) 
болып бӛлінеді. Сапаға байланысты болаттарды сапасы кәдімгі (S ≤0,05%, 
Р≤0,05%), сапалы (S ≤0,04%, Р≤0,04%), жоғары сапалы (S ≤0,025%, 
Р≤0,025%),ерекше жоғары сапалы (S ≤0,015%, Р≤0,015%). 
Құрылымы бойынша болаттарды эвтектоидқа дейінгі эвтектоидтық және 
эвтектоидтан кейінгі деп бӛледі. 


24 
Тотықсыздандыру дәрежесіне байланысты: тыныш, жартылай тыныш 
және қайнау болаттары деп бӛледі. 
Құрамындағы 
лигерлеуші 
элементтің 
мӛлшеріне 
байланысты: 
лигерленген болаттарды аз лигерленген (лигерлеуші элементтің сомалық 
мӛлшері <2,5%), орташа лигерленген (2,5-10%), жоғары лигерленген 
(>10%). 
2. Кӛміртекті конструкциялық болаттарды сапасы кәдімгі кӛміртекті
болаттар және сапалы кӛміртекті болаттар деп бӛледі. Сапасы кәдімгі 
кӛміртекті болаттардың маркалары: Ст0; Ст1; Ст2; Ст3; Ст4; Ст5; Ст6; Ст-
сталь. 
Маркадағы сан шартты номер. Сандар кӛміртектің мӛлшерін білдірмейді. 
Сан ӛскен сайын болат құрамындағы кӛміртек мӛлшері ӛседі. Соған 
байланысты болаттың беріктігі мен қаттылығы артады, пластикалығы 
кемиді. 
Ст0----0,22%С; Ст1----0,06%-0,12% С; Ст6----0,38-0,49%С; 
Тотықсыздандыру дәрежесін кӛрсету үшін маркадағы сп, пс әріптері 
жазылады. Ст1пс. 
Ст1---Ст4-сп,пс,кп. 
Ст5, Ст6—сп, пс. 
Ст3 және Ст5 маркалы болаттарды құрамындағы маргенец мӛлшерін 
арттырып та ӛндіреді. Ол кезде маркада Г әрпі жазылады. Ст3Гпс.Ст5пс. 
Бұл болаттардағы маргенец мӛлшері қалыпты деңгейден 0,8%-тен асып 
1%-ке жуық. Осы болаттарды МЕМСТ 380-94 стандарты бойынша ӛндіріп 
жұмсайды, қасиеттері кепілденеді. Кепілденетін қасиеттеріне байланысты 
осы болаттарды А, Б, В топтарына бӛледі. А тобы болаттарының 
механикалық қасиеттері кепілденеді. Ол болаттарды ыстықтай ӛңдемей 
жеткізіліп берілген күйде жұмсайды. Б тобы болаттарының химиялық 
құрамы кепілденеді, оларды пайдалануда ыстықтай ӛңдеуге болады. Мыс, 
қысым арқылы ӛңдеуге. В тобы болаттарының химиялық құрамыда 
механикалық қасиеттеріде кепілденеді. Сондықтан оларды пісіріп 
жасалатын конструкцияларға жұмсайды. Сапасы кәдімгі кӛміртекті 
болаттарды металлургиялық заводта прокат түрінде жеткізеді.(швеллер, 
арқалықтар, бұрыштар, рельс дайындамалар т.б.)жұмсалуы кӛбінесе 
құрылыста қолданады. Себебі, аз кӛміртекті болаттар қысым арқылы 
ӛңдеуге, пісіруге кӛнеді. Ал Ст5, Ст6 маркалы болаттарды (орташа 
кӛміртекті) машина жасауда да қолданады.Кӛміртек мӛлшері ӛскен сайын 
беріктігі артады. Сапалы кӛміртекті болаттарға келесілер жатады: 05; 08; 
10; 15; 20; 25-аз кӛміртекті, 30; 35; 40; 45; 50; 55- орташа, 60; 65; 70; 75; 80; 
85-жоғары кӛм-ті. Маркадағы екі таңбалы сан болат құрамындағы кӛміртек 
мӛлшерін пайыздық жүздік үлесін білдіреді. (Сталь85 85/100=0,85%). 
Тотықсыздандыру дәрежесін білдіру үшін маркада кп, пс әріптері 
жазылады. Тыныш болаттың маркасында сп әрпі жазылмайды. 


25 
10,15,20,25-аз кӛміртекті болаттар пластикалығы жоғары, қысым арқылы 
жеңіл ӛңделеді, жеңіл пісіріледі, сондықтан құрылыста қолданылады. 30-
55-орташа кӛміртекті болаттар термиялық ӛңдеуден ӛткізгеннен кейін 
тұтқырлығы артады, берік болады, машина детальдарына арнайды. 60-85- 
жоғары кӛміртекті болаттар термиялық ӛңдеуден кейін серпімділігі, 
тӛзімділігі артады, беріктілігі жоғары серіппелерге, рессорларға арнайды. 
3. Кӛміртекті –аспаптық болаттарға келесілер жатады: У7; У8; У9; У10; 
У11; У12; У13; УА; У8А; У9А; У10А; У11А; У12А; У13А; у-углеродистая. 
Маркадағы сан болат құрамындағы кӛміртек мӛлшерін пайыздық ондық 
үлесте болады. У7-0,7%С. 
Марка соңындағы А әрпі болаттың жоғары сапалы екендігін білдіреді. 
Термиялық ӛңдеуден ӛткеннен кейін қаттылығы артады, бірақ бұл 
болаттың қызуға тӛзімділігі тӛмен, қасиеттері 200 градустан кейін 
тӛмендейді. Сондықтан үлкен жылдамдықпен жасайтын кескіштерді 
жасауда қолданылмайды. У7; У8; У9-болаттарын ағаш ӛңдейтін слесарлық 
аспаптарға арнайды. У10; У11; У12; У13-маркалы болаттарды егеулер, 
аралар, метчиктер, бұрғылар кескіш аспаптарды жасауда, сондай-ақ 
ӛлшеуіш аспаптарын және суық күйде штамптауда қолданатын штамтарға 
арнайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет