Конструкциялық материалдар және термоөңдеу Конструкционные материалы и термообработка Constructional materials and heat treatment Учебное пособие для специальности: 5В071200– «Машиностроение»



Pdf көрінісі
бет5/77
Дата06.07.2022
өлшемі1,99 Mb.
#37521
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
montaev s h

1. Орын басу қатты ерітіндісі. 
2. Ену қатты ерітіндісі. 
Химиялық қосылысты кристалдық торларының түрлері бір-біріне 
ұқсамайтын және торларының параметрлер айырмашылығы үлкен 
компоненттер химиялық қосылысты түзеді. Екі компонент те ӛздерінің 
торларын бұзып алады, екеуі бір торды құрайды, яғни алынған 
қорытпаның қасиеттері 2 компоненттің қасиеттеріне де ұқсас келмейді. 



Егер қорытпаның компоненттері бір-біріне сұйық күйде ерігенмен 
қатты күйде ерімесе және химиялық қосылыс түзбесе, механикалық қоспа 
түзеді. Механикалық қоспаның компоненттері ӛздерінің кристалдық 
торларын сақтап қалады. Сондықтан, 2 компоненттен тұратын 
механикалық қоспа 2 фазадан тұрады. Сұйық қорытпадан түзілген 
механикалық қоспаны эвтектика дейді. Қатты күйдегі қорытпаның 
түрленуі нәтижесінде пайда болатын механикалық қоспаны эвтектоид 
дейді. Әрбір эвтектика мен эвтектоидтың тұрақты құрамы мен тұрақты 
түзілу температурасы болады. 
3. Қатты күйдегі қорытпалардың фазалық құрамы, құрылымдық 
құраушыларының түрлері ортадағы температура мен қорытпаның 
концентрациясына тәуелді. Сол тәуелділікті жүйенің күй диаграммасы деп 
аталатын график сипаттайды. Күй диаграммалары температура – 
концентрация координаталарында салынады. Диаграмманың вертикальді 
осінде температура абциссада немесе горизонталь осінде қорытпаның 
концентрациясы салынады. 
Диаграмманың шеткі нүктелері қорытпа компоненттерінің 100 пайыз 
мӛлшерін білдіреді. Диаграмманың кез-келген нүктесі концентрациясы 
белгілі қорытпаның белгілі температурадағы күйін сипаттайды. Күй 
диаграммалары эксперимент жолымен алынады.
 
4. Металдардың кристалдық құрылымы 
 
Барлық денелер атомдардан тұрады. Егер денеде атомдар қалай болса 
солай орналасса ол дерені аморфты дене деп атайды. Атомдары қандай да 
бір тәртіппен орналасқан денелерді кристалдық денелер деп атайды. 
Металдар мен олардың қорытпалары кристалдық денелерге жатады. 
Олардың атомдары кеңістікте кристалдық тор құрады. Кристалдық 
торлардың ең кӛп тараған түрлері (2.1-сурет): кӛлемдік центрленген 
кубтық (К.Ц.К), бүйірлі центрленген кубтық (Б.Ц.К) және гексоналды (Г). 
К.Ц.К тор түзейтін -темір, Cr, V, W, Mo т.б. Б.Ц.К. тор түзейтін -темір, 
Ni, Cu, Al, Pb т.б. Гексагоналды тор түзейтін Mg, Ti, Zn т.б. 



а б в 
 
2.1-сурет. Металдардың кристалдық торлары: 
а) кӛлемдік центрленген кубтық; ә) бүйірлі центрленген кубтық; 
б)гексагоналды 
Металдардың полиморфизмі 
Полиморфизм немесе аллотропия деп металдардың қыздыру мен суыту 
кезінде ӛздерінің кристалдық торын ӛзгерту қасиетін айтады. 
Полиморфиялық түрлену белгілі бір температураларда ӛтеді. Мұндай 
қасиет кӛптеген металдарға тән. Бұл топқа темір, марганец, никель, 
қалайы, титан, ваннадий, кобальт т.б. жатады. 
Мысалы қалыпты температурада темірдің кристалдық торы кӛқлемдік 
центрленген кубтық болса, 911
0
С температурада ол тор бүйірлі 
центрленген кубтық торға айналады. Металдың әр түрлі кристалдық торы 
бар түрлері оның модификациялары деп аталады. Олар грек алфавиті 
әріптерімен белгіленеді: 
т.б. Металдың ең тӛменгі температурадағы 
полиморфиялық түрін әрпімен белгілейді. 
Полиморфиялық түрлену кезінде энергияның іштен бӛлініп шығуы немесе 
сіңірілуі орын алады. Сондықтан металдар мен қорытпалардың суыну 
қисықтарының полиморфтық түрленуге сәйкес нүктелерінде температура 
біраз уақыт тұрақты болғанын кӛруге болады. 
Полиморфиялық түрленуге ұшырамайтын металдарға алюминий, магний, 
мыс т.б. жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет