Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы


жылы Тор ғай облысында алғашқы екi сыныптық орыс-қазақ  мектебi пайда болды. 1883



Pdf көрінісі
бет146/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

1879 жылы Тор ғай облысында алғашқы екi сыныптық орыс-қазақ 
мектебi пайда болды. 1883 жылы Орынбор губерниясының Ор қаласында 
қазақтар ға арналған мұғалiмдер мектебi тұңғыш рет ашылды. Ол мектептiң 
ашылуына Ыбырай Алтынсариннiң қосқан үлесi орасан зор болды.
1885 жылдан бастап барлық уездерде ауылшаруа-
шылық мектеп терi ашылды. Олар қазақ өлкесiнде 
бiлiм және қолөнер түрлерiн да мытуға бағыт ұстады.
Барлық жерде бiрдей болыстық орыс мектептерi 
пайда бола бастады. Торғай, Ақтөбе, Қостанай және 
басқа қалаларда қыз балалар ға арналған баста уыш мек-
тептер ашылды. 1892 жылдан бастап қазақ балалары 
үшiн ауылдық көшпелi мектеп тер ұйымдастырылды.
ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап
 Омбы, 
Семей, Орал, Ақ мола қалалары халыққа бiлiм беру орталықтарына айнал-
ды. Қазақстандағы орыс тiлдi халықтың арасында сауатсыздардың пайызы 
тым жоғары болды. Мұны 1897 жылғы халық санағы айқын көрсеттi. 
Атап айт қанда, халықтың 8,1 пайызын ғана сауатты деуге болатын едi. 
Орысша сауат ашқан қазақтың пайызы бұдан да төмен болды. Ал 
мұсылманша оқып сауат ашқан дала қазақтарының саны өте көп едi. 
Бiрақ олардың қанша пайызының сауатты екенi халық санағын өткiзу 
кезiнде есепке алынбады. 
Ресей империясы қазақтың орта және жоғары бiлiм алуына жол бер-
меуге тырысты. Сауатты қазақтардың қатары өскен сайын олардың ұлттық 
сана-сезiмi тезiрек оянады деп қауiптендi. ХIХ ға сырда ауылшаруашылық 
анықта!
Қазіргі қазақстан-
дықтардың сауат-
тылық деңгейі қан-
дай? Салыстырып 
көр.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


171
және фельд шер лiк мектептер ашыла бастады. Олар орта бiлiмдi дәрiгер 
мамандарын даярлап шығарды. Алайда Қазақстанда бiрде-бiр жоғары оқу 
орны ашылған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет