71
1822–1824 ЖылдАрдАғы ПАТША рЕфОрМАлАры
§21–22.
Бүгінгі сабағымызда патша үкіметінің ХІХ ғасырдың 20-жылдары Қазақ-
станда неліктен әкімшілік реформалар жүргізгенін анықтаймыз. 1822–1824
жылдардағы реформалардың нәтижесіндегі әкімшілік-аумақтық өзгеріс-
терді талқылаймыз.
1822 және 1824 жылдары патша үкiметi Орта жүз бен Кiшi жүздегi
хан билiгiн жойды. Қазақтар өзiнiң мемлекеттiлiгiнен осы лайша айы-
рылды. Алайда сан жылдар бойы мемлекеттілігін қалпына келтіру үшін
күресумен болды.
1. Хан билiгiн жоюдың себептерi мен алғышарттары.
ХIХ ғасырдың жиырмасыншы жылдарына қарай патша
үкiметi Қазақстандағы хан билiгiн жоятын уақыт жеттi
деген қорытынды жасады. Бұ ған салмақты негiздер
де, қажеттi бiрқатар алғышарттар да жеткiлiктi деп
санады.
Бiрiншiден, қазақ хандары дала тұрғын да-
рының басым көпшiлiгiнiң алдында өздерiнiң беделiнен айырылып қалды.
Жергi лiктi халық патша үкiметi тағайындаған хандарды көбiнесе Ресей
империясының кә дiмгi көп шенеунiктерiнiң бiрi ғана деп қабылдады.
Екiншiден, бұл кезде патша үкiметi Кiшi жүздi де, Орта жүздi де
бiр неше әкiмшiлiкке бөлшектеген едi. Мұның өзi
патша үкiметiнiң көшпелi қазақтарды басқаруына
өте қолайлы болып шықты. Сөйтiп, Орта жүз бiрi –
Ертiстiң оң жағалауы, екiншiсi – Ертiстiң сол жағалауы
болып екiге жарылды.
1801 жылы Жайықтың оң
жағалауында Кiшi жүзден бөлiнген Iшкi Орда құрыл-
ғанын айттық. Бiр кездегi бiртұтас жүздердiң арасын-
да ендiгi жерде ешқандай да еркiн байланыс жасау
мүмкiндiгi қалмады, өйт кенi ондай қарым-қатынас
жасауға қатаң тыйым салынды.
Үшiншiден, ХIХ ғасырдың бас кезiнде Шыңғыс ұрпақтарының бір-
қатары патша үкiметiнiң әкiмшiлiгiне белсендi қарсылық бiлдiрген
оқиғалары көбейiп кеттi. Ал
ақыр соңында, патша үкiметi Франциямен
соғыс аяқталғаннан кейiн жеткiлiктi әскер күшi мен адам ресурстарына ие
болды. Мұның өзi оның тәуелсiз қазақтардың заңды билiгiн –
хан билiгiн
Достарыңызбен бөлісу: