Оқулық Алматы «Атамұра» 2018 (ХVІІІ-ХІХ ғасырлар) ҚазаҚстан тарихы



Pdf көрінісі
бет87/181
Дата06.07.2022
өлшемі7,89 Mb.
#37526
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   181
Байланысты:
Тарих 8(7)

4. Көтерiлiстiң жеңiлуi. 
Көтерiлiстiң негiзгi күштерi жеңiлгеннен 
кейiн Жанқожа батыр Хиуа ханына өтiнiш жасап, хандықта тұратын
қазақтардан, қарақалпақтардан және түрiкмендерден әскери жасақ құрап 
берудi сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан ша бу ыл жасау 
Бұл маңызды!
1856 жылдың Желтоқсан 
айында Сыр бойы қазақта-
рының Ре сей ге қарсы қару-
лы көтерiлiсi басталды. 
Көтерiлiске шыққандардың 
жал пы саны 3 мың адамға 
дейiн жеттi. Көтерiлiстiң 
орталығы бұрын ғы хан ор-
дасы орналасқан Жаңақала 
болды.
Жанқожа Нұрмұхамед-
ұлының батырға лайықты 
істеріне баға беріңдер.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ
*
Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217


103
едi. Бiрақ Хиуа ханы оның өтiнiшiн қабыл алмады, Жан қо жа батырдың 
күшейiп кетуiнен қорықты.
Патша үкiметiнiң әскери әкiмшiлiгi Жанқожа Нұрмұ ха медұлының 
көзiн жою үшiн арнаулы жазалаушы әскер жiбердi. 1860 жылы жаза-
лаушы әскер Қызылқұмның iшiндегi Жанқара көлiнiң басында отырған 
Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шай қас тың бары-
сында Жанқожа батыр жа залаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың 
өмiрден өтер кездегi соңғы сәтiн Л. Мей ер бы лай деп суреттейдi: 
«Қарт 
батыр оқ өтпейтiн сауытын киiп, қару-жарағын асынып, үйiнен шығып 
үлгердi. Бiрақ аты жоқ екен. Ажалымның жет кен жерi осы екен деп, ол бiр 
төмпешiктiң үс тiне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзi үйiрiп, 
дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейiн оның сауытынан өтпей, 
тайқып ұшып, керi түсiп жатты. Ақырында бiр оқ оның мойнына дәл 
тиiп, қарт батырдың өмiрiн қиып кеттi».
Жазалаушы отряд көтерiлiсшiлердiң ауылдарын
ойран сала шауып, аяусыз тонады, үйлердi өртеп, 
малдың бә рiн айдап әкеттi. Көтерiлiске белсене 
қатысқандар жазалау шара лары ке зiнде қаза тапты. 
Мал-мүлкi түгел тоналған шектiлер ашар шылық қа 
ұшырады. Олардың бiр бөлiгi Хиуа хандығы жағына 
өтiп кеттi, ен дi бiр бөлiгi әскери бекiнiстерге қайта 
оралып, аштан қырылып қалмаудың қамын жасады. 
Жанқожа батырды оның парасаттылы ғы мен ержүрек батырлығы үшiн 
орыс әскерилерiнiң өздерi де қатты сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары 
оны қасиеттi адам деп санайтын. Халықтың сүйiктi ұлы болған оны зор 
құрметпен жерледi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет