Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері



Pdf көрінісі
бет104/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

29. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
Әлеуметтік-психологиялық 
әдістердің жалпы сипаттамасы
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды 
қалыптастыру әрі дамыту үрдісіне, олардың өз араларындағы 
әлеуметтік үрдістерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерін 
білдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең 
әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты 
үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке 
тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек 
етуін арттыру. 
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын 
өзінің мотивациялық сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама 
адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына 
бағдарланған себептерді көрсетіп береді.
Әлеуметтік-психологиялық 
әдістері 
рухани 
мүддеге 
(қажетті¬лікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. 
Әлеуметтік мотивация саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және 
басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық 
және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс 
болады. Әлеуметтік мәселерді шешіп алмайынша еңбекке деген 
дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу 
мүмкін емес.
Әлеуметтік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін 
қалай ұғуға болады?
Өндіріс ұжымы – бұл қоғамның пайдасы үшін бірігіп қызмет 
ететін, ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын біріктірген, бәрі біреу 
үшін, біреу бәрі үшін жауап беретін, бір ұйымға жұмыс істейтін 
адамдардың жиынтығы.
Өндіріс ұжымы – бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек жай 
ғана бас қосуын білдірмейді. Ол жекелеген жұмыскерлер мен 
олардың топтары арасындағы тұрақты әрекет ететін экономикалық, 


221
өндірістік-техникалық, өнегелік, мәдени, тұрмыстық өзара 
қарым-қатынастарының күрделі жүйесіне негізделген бірлестікті 
білдіреді. Бұл өзара қарым-қатынас ұжымның ресми және бейресми 
құрылымдарында көрініс табады.
Ресми құрылым ұжымда ресми түрде анықталып, заңмен, 
міндеттемелермен, өкілеттіліктермен және жауапкершілікпен 
бекітілген адамдардың байланыстары мен қатынастарын 
бейнелейді.
Бейресми құрылым жақсы көру, жек көру, мінез ұқсастығы, 
ортақ мүдде, өзара түсіністік негізінде қалыптасатын байланыстар 
мен қатынастарды бейнелейді. Бейресми қатынастың негізінде 
ұжымды шағын топ (он адамға дейін) пайда болады. Шағын топ 
аз уақытқа немесе ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, бұл шағын топ 
ұжымның басқа да мүшелеріне жайдары қабақ танытуы (ашық) 
ықтимал немесе өздерімен өздері (тұйық) қалуы да мүмкін.
Екі құрылым да ұдайы әрекет үстінде болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   100   101   102   103   104   105   106   107   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет