Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістерін жіктеу



Pdf көрінісі
бет107/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістерін жіктеу
Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістерін БҰБӘ 
шығу көздері мен қосымша (ықпал ету) бағыты бойынша былайша 
жіктеуге болады:
- ұйымдастырушы-тұрақтандырғыш;
- басқарушылық;
- тәртіпке келтіру;
- басқарушылық ықпал ету сипаты бойынша.
Ұйымдастырушы-тұрақтандырғыш ықпал ету әдістерінің негізгі 
мәні мынада: жалпы жүйенің де, оның жекелеген буындары ішіндегі 
белгілі бір міндеттемелерді бекіту арқылы жүйе элементтері құрамы 
мен берік ұйымдастырушылық байланыстар орнатуда.
Бұл әдістер БҰБӘ арасында бірінші және басты орын алады 
(7-сурет). 


226
7-сурет – БҰБӘ жіктеу
БҰБӘ-нің екінші тобына басқару ықпалының әдістері жатады. 
Олар белгіленген ұйымдастыру қатынастарын күнделікті қолдану 
мен жұмыс жағдайын өзгерткенде, бірен-саран түзетуді бейнелейді. 
Басқару ықпалының негізінде өкілеттіліктер мен міндеттемелер 
жатады.
Үшінші топ – тәртіпке салып ықпал ету әдістері. Олар тәртіпке 
салу талаптары мен жауапкершілік жүйесі арқылы ұйымдастыру 
қатынастарының тұрақтылығын ұстауға арналған.
БҰБӘ-нің төртінші тобы басқарушылық ықпалы сипаты 
бойынша екі топқа бөлінеді: ұзақ ықпал жасау құралдары және 
әдістері, тәсілдері.
Басқару органдары немесе жекелеген қызмет орындарындағы 
адамдарға қысқа мерзімді басқарушылық әдістері жедел 
ұйымдастыру бұйрығының заңды нысаны болып табылатын бірлі-
жарым әкімшілік өкілдер арқылы жүзеге асады.
Ұзақ басқарушылық әдістердің әсер етуі ұйымдастыру жүйелерін 
құруға немесе жетілдіруге байланысты. Олар заңдық, құқықтық 
күші бар ұзақ іс-әрекеттік әкімшілік актілерінің, директивалар мен 
ережелердің, жарғылар мен қағидалардың, нұсқаулықтардың және 
т.с.с. көмегімен іске асады.
Тәжірибе басқару жүйесінің әрбір деңгейінің өзіндік 
ұйымдастырушылық әсер ету ерекшеліктері бар екендігін және 
олардан осы деңгей үшін ең тиімді болып бөлініп шығатынын 
көрсетеді.
Басқару жүйесінің деңгейлері бойынша БҰБӘ дұрыс саралау 
(дифференциациялау) басқарудың теориясы мен тәжірибесінде 
маңызды рөл атқарады. Ол басқарудың орталықтану деңгейін 
көрсетеді, әлеуметтік-экономикалық жүйедегі ұйымдастыру 


227
қатынастарын ең толық есепке алуға мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   103   104   105   106   107   108   109   110   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет