Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері



Pdf көрінісі
бет106/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

30. Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері
 
Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық 
әдістерінің объективті негіздері мен мазмұны
Еңбек кооперациясы мен бөлу жағдайында оларды басқару 
міндеті мен бөлу бойынша байланыстарды бейнелейтін адамдар 
(органдар) арасында объективті ұйымдастырушылық қатынастар 
болады. Шынайы өмірде бұл қатынастар тиімділігі жоғары, 
бірлескен еңбектің ұйымдастыру алғышарттары бар кездегі 
адамдардың ұйымдастырылған еңбекке деген қызығушылығынан 
байқалады. Бұл жерде адамның ұжым алдында қоғамдық еңбектің 
бөлігі болып табылатын жұмыстың белгілі бір түрін орындайтын 
міндеті пайда болады. Ұйымдастыру қатынастарына адамдар 
(органдар) қызметінің парыз, өкілеттілік, жауапкершілік, тәртіп 
талаптары және т.б. аспектілері жатады.
Ұйымдастыру қатынастары жүйесін қалыптастыру басқарудың 
екі міндетті қызмет аясын – ұйымдастыру мен үйлестіруді жүзеге 
асыру үрдісінде қамтамасыз етіледі.
Ұйымдастыру қатынастары, олардың іс-әрекетінің әдістері мен 
тетіктері екі жақты талдауды талап етеді: біріншіден, олар тұрақты 
қалып, яғни заттық аспектіде; екіншіден, қозғалыста (динамикада), 
яғни жұмыс істеу үрдісінде қарастырылуы тиіс.
Ұйымдастыру-басқарушылық 
әдістерін 
қолдану 
тетігі 


224
ұйымдастыру қатынастарының мәні болып табылады. Нақ осында 
басқару объектісіне (ұжымдарға, жеке қызметкерлерге) мақсатты 
түрде әсер ету үрдісінде адамдар (органдар) арасындағы нақты 
ұйымдастыру қатынастарымен, ұйым заңдарымен айқындалатын 
басқарудың ұйымдастыру тетігі ашық көрсетіледі.
Осылайша ұйымдастыру немесе ұйымдастыру-басқарушылық, 
басқару әдістерін адамдар арасындағы объективті (ұйымдастыру) 
қатынастарына негізделген әсер ету амалдары ретінде белгілеу 
қажет.
Бұл әдістердің ерекшеліктері мынада: біріншіден, олар 
жүйеге тұтастай немесе оның элементтеріне жеке-жеке тікелей 
нұсқаушылық (директивті) әсер етуді бейнелейді; екіншіден, 
олар басшыға бір мағыналы шешім қабылдауға мүмкіндік береді; 
үшіншіден, олар ережелердің, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, 
өкімдердің және т.б. міндеттілігіне негізделеді.
Ұйымның әр түрлі типтері бар:
а) басқарудың функциясын ісін бұлжымайтындай етіп бөлуге
қызметті реттеуге, мұқият бақылауға негізделген ұйым. Мұндай тип 
басқаруда туындаған барлық мәселелерді алдынала көруді, қатаң 
есепті талап етеді;
ә) ұйымның икемді типі. Оның артықшылықтары мен 
кемшіліктері бар.
Артықшылықтары:
- икемділігі;
- болжанбаған жаңа мәселелердің пайда болуына орай шұғыл 
жауап беруі;
- оларды шешуде бейресми әдістердің мол мүмкіндіктері.
Теріс жақтары:
- комиссия жұмысын бақылаудың қиындықтары;
- оларды қалыптастыру мен реформалау жөнінде қосымша күш-
жігер жұмсау;
- басқаруды ұйымдастырудың кейбір күрделілігі.
б) көбінесе әлеуметтік факторлардың болуына негізделген 
ұйым. Мұнда басты назар кадрларды іріктеу мен даярлауға, 
олардың жұмысына мақсатттар мен міндеттер қоюға, құрылымдық 
ресімделуге аударылады. Міндетті істі бөлу бейресми емес белгілер 
бойынша жүзеге асады.
Өндірісті басқару тәжірибесінде ұйымдастырудың аталған 


225
типтері нақ сол күйінде қолданылмайды. Әрбір нақты ұйымда 
басшы мен басқару аппаратына байланысты аталған үш типтің 
біреуі басымырақ болады.
Басқарудың ұйымдастыру-басқарушылық әдістері (БҰБӘ) 
жоғары тұрған биліктің еркін орындау үшін басқару аппараты 
қызметкерлерінің әрбірінің жеке жауапкершілігін қамтамасыз етуге 
тиісті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет