Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет26/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

Білім деңгейіндегі өзгешелік. Әртүрлі білім мен тәжірибелік 
деңгейі адамдардың арасындағы қарым-қатынасқа елеулі дәрежеде 
әсер етеді. Сондықтан да ол әрекеттер мен іс-шараларға мұқият 
болу қажет.
Нашар байланыс (немесе басқарудағы нашар байланыс). 
Ақпаратты дұрыс жеткізбеу және оны бұрмалау шиеленістің негізгі 
себеп-салдары болып табылады. 
Қайшылық үлгісі процесс ретінде бейнеленген. Бұдан 
байқалатын нәрсе қайшылықтың бір немесе бірнеше көздері басқару 
процесінде шиеленіс болу мүмкіндіктерін жоғарлатады. 
Үлкен қайшылық болуы мүмкін кезде топтар жағдайды одан әрі 
тереңдетуге тырысуы мүмкін.
Әсіресе жеңіл қайшылыққа адамдар көп көңіл бөлмейді деп 
тұжырымдайды зерттеушілер.
Бірақ көптеген жағдайларда адамдар өзге адамның мақсатына 
жете алмауы үшін әрекет етеді. Мұндай кезде ол екінші жақ оның 
ойын қабылдауы үшін әр түрлі ықпал ету құралдарын қолданады 
(күштеу, салт-дәстүр, сендіру, харизма, көзін жеткізу және қатынасу 
т.б.).
Қайшылықтың келесі кезеңі оларды басқару болып табылады. 
Енді қайшылықтар мен шиеленістерді басқарудың бірнеше 
әдістерін қарастыруға болады.
Қайшылықты басқарудың тиімділігіне байланысты оның 
салдары функционалды және дисфункционалды болып бөлінеді
сонымен бірге, оның келесі әсері қайшылықты болдырмауға немесе 
оларды жетілдіруге мүмкіндік береді.


51
6-сурет. Қайшылық үрдісінің үлгісі
Қайшылықтың функционалды салдары – алтау.
Оның біріншісі – мәселе тек қана шешім қабылдауға екі жақтың 
да адамдарының қатынасуы. Бұл екі жақтың бір-біріне қарсылығын, 
жауласушылықты жояды.
Екінші салдар – екі жақтың бірлесіп қоян-қолтық жұмыс істеуі.
Үшінші салдар – топтың ой-пікірлері.
Төртінші салдар – шешімдер баламасының болуы.
Бесінші – шешімдердің орындалуына баға беретін белгілер.
Алтыншы – екі жақтың бір-біріне тәуелділігі.
Егер қайшылықты басқарудың тиімді жолдары табылмаса, онда 
мақсатқа жетуге кедергі жасайтын төмендегідей дисфункционалды 
салдар пайда болады:
- өнім өндірудің төмендеуі, қанағаттанбаушылық т.б.;
- алдағы уақыттағы достасудың төменгі дәрежесі;
- өз тобына қатты берілуі;
- келесі жақты «жау» ретінде санау, өз мақсатын дұрыс, өзгенікі 
бұрыс деп түсіну;


52
- қарсыласушы жақпен жұмыс істеуі мен араласуының кері 
бұрылуы;
- жауласуларының ұлғаюы;
- нағыз проблеманы шешкенге қарағанда, қайшылықтағы 
жеңіске көп көңіл бөлулері. 
Қайшылық жағдайларын басқарудың бірнеше әдістері бар. 
Оларды екі категорияға бөлуге болады: құрылымдық және жеке 
адамдар стилі арқылы басқару әдісі. Қайшылықтарды құрылымдық 
әдістер арқылы шешудің төрт түрі бар.
Олар:
1. Жұмыс талабына түсініктемелер беру.
2. Үйлестірушілік және интеграциялық механизмдер қолдану.
3. Жалпы ұйымдық кешендік мақсаттарды орнықтыру.
4. Марапаттау жүйелерінің қолданылуы.
Енді осы әдістерге қысқаша тоқталып өтеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет