63
процесін қамтиды; 6) тауардың эстетикалығы (әдемілігі,
сыртқы
түрі, адамға психологиялық әсері); 7) объектінің стандартталу және
қосылушылық көрсеткіштері; 8) объектінің патенттік-құқықтық
көрсеткіштері және т.с.с. көрсеткіштер.
Келтірілген көрсеткіштер топтарынан басқа сапа стратегиясын
басқаруда тұтынушылар сервисінің көрсеткіштер жүйесі нақтылы
рынокта қолданылады (тауардың сапасы, тауардың бағасы, тауарды
пайдалану аясындағы шығындар және т.б.).
Тәжірибеде, әсіресе өндірісте жиі қолданатын сапа
көрсеткіштерінің басқада жіктемелері бар.
Сапаны басқаруда көрсеткіштердің екі тобын ажыратқан жөн:
- әр түрлі саладағы сапаның көрсеткіштері;
- нақты ұстанымдар бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.
А. Әр түрлі саладағы сапа көрсеткіштері.
Көрсеткіштердің алғашқы тобы өндіріспен байланысты:
•
ақау мен түзетулердің көлемі;
•
жұмыс жүктемесіндегі қателер;
•
жарамсыз деп табылған бұйымдар пайызы.
Екінші топ – сапаны қамтамасыз ету.
•
сапасыз жасалған тауарлар тобының пайызы.
•
құрылымды өзгерту мөлшері.
•
есеп айырысудағы және шоттарды ресімдеудегі қателіктер.
•
түзету шарасын өткізгенге дейінгі циклдің ұзақтығы.
Үшінші топ – бухгалтерлік есеп:
•
мерзімі өткен төлемдер пайызы;
•
жаңылыс
бухгалтерлік жазбалар;
•
төлем тізімдемесіндегі қателер;
•
ақпарат алу туралы өтінімдерді қанағаттандыру.
Төртінші топ – маркетинг:
•
болжамдық жорамалдың дәлдігі;
•
қате толтырылған тапсырыстар мөлшері;
•
мәмілелердегі қателер;
•
ақпарат алу уақыты.
Бесінші топ – ақпараттық қызмет көрсету:
•
график бойынша шығарылмаған есеп берулер саны;
•
бағдарламадан табылған қателер;
•
мәтінде
өзгертілгендердің саны;
•
ақпаратты алу уақыты.
64
Алтыншы топ – сатып алу қызметі:
•
артық қорлар.
•
материал алу циклінің уақыты;
•
материалдардың жетіспеушілігі салдарынан өндіріс¬тегі
іркілістер .
Ә. Нақты ұстаным бойынша сапа көрсеткіштерінің жүйесі.
Машиналардың сапасы – техникалық (қуаттылық, дәлдік,
ресурстардың үлестік шығысы) сенімділігі; эргономикалық
(қолайлылығы, автоматтандырылу, қауіпсіздік); эстетикалық;
экономикалық көрсеткіштер.
Жоба сапасы – сату кезінде жасалған түзетулер мөлшері.
Технология сапасы – бұрмалаулар саны.
Өнім сапасы –
өндірістік; тұтынушылық; экономикалық.
Нарықтық экономика жағдайында өнім (тауар) сапасының
көрсеткіштеріне ерекше назар аударылды. Ол қажеттіліктерді
қанағаттандырумен тығыз байланысты. Сондықтан, өнімнің
сапасы оның жиынтық қасиеттері
ретінде анықталады және
оның мақсаттарына сай кейбір қажеттіліктерін қанағаттандыруға
себепкер болады.
Өнімге тән қасиеттерді сан жағынан бағалау сапа
көрсеткіштерімен көрсетіледі. Әдетте өнім сапасы көрсеткіштердің
он тобынан қалыптасады:
- белгіленген мақсаттарынан;
- сенімділігінен;
- технологиялық жағынан;
- стандарттау және сәйкестендіру (унификация);
- эргономикалық
және эстетикалық жағынан;
- тасымалдауға қолайлылығымен;
- патентті және құқықтық;
- экологиялық жағынан;
- қауіпсіздік тұрғысынан.
Алғашқы сегіз көрсеткіш, олардың сандық сипаты тұтынушы
мен өнімді дайындаушы арасындағы келісім – шарт арқауы болса,
ал кейінгі екеуі – қауіпсіздік пен экологиялық –
барлық елдерде
ұлттық және халықаралық стандарттармен реттеледі және оларды
сақтау міндетті.
Экономикалық көрсеткіштер өнімнің маңызды сипаты болып
табылады және сапа мен шығындарды салыстырумен бейнеленеді.
65
,
i
i
T
E
Q
C
Κ =
мұнда,
i
Κ
– сапаның интегралды көрсеткіші;
i
Q
– өнімнің сапасы;
T
E
C
– сапа үшін шыққан шығындар, бұған сату бағасы,
бұйымның қызмет еткен барлық мерзімі ішіндегі пайдалану
бойынша шығындар (құндық бейнеленуі – теңге, сом.) жатады.
Сапа мәселесінің көкейкесті болу себебі, қазіргі заманғы әлемде
ол кәсіпорын жұмысының басты көрсеткішіне айналды. Жұмыстың
сапа жағынан нәтижелілігі кәсіпорынның нарық жағдайында
қалайша
тіршілік етуін, ғылыми-техникалық прогресс қарқынын,
өндіріс тиімділігінің өсуін, кәсіпорында пайдаланылатын
ресурстардың барлық түрлерін үнемдеуді анықтайды.
Өнім сапасы бойынша жұмыс – әлемнің жетекші фирмаларының
іс-әрекетіне тән белгі.
Достарыңызбен бөлісу: