8. Басқарудағы қайшылықтар Басқару теориясында көптеген түсініктердегі қайшылықтардың,
шиеленістердің де өз алдында анықтамалары мен талқылаулары
бар.
Қайшылық дегеніміз – екі немесе одан да көп жақтардың
арасындағы келіспеушілік. Екі жақ немесе әр топ өздерінің
көзқарасын немесе мақсатын орындауға тырысады, сол мақсаты
үшін қарсыласына кедергі жасайды.
Көптеген адамдар қайшылықтар мен шиеленістерді үстемдік
ету, қастандық, тартыс, дау-дамай және жанжал деген түсініктермен
салыстырады. Сол себептен оларды болдырмау керек деген
тұжырымдамаға келеді. Бірақ ұйымдарда шиеленістердің болмауы
мүмкін емес.
Басқарудың адамгершілік мектептеріндегі зерттеушілер де
шиеленістерді болдырмау керек деген. Олардың ойларынша,
қайшылық немесе шиеленіс ұйымдардағы тиімсіз қызмет белгісі
және нашар басқарудан пайда болады деп тұжырымдаған.
Қайшылықтар әрқашан дұрыс мінездемеге ие бола бермейді.
Кейбір жағдайларда ол жеке адамдардың қажеттіліктерін
қанағаттандыруға немесе ұйымдардың мақсаттарына жетуіне
кедергісін тигізеді.
Сонымен, қайшылық функционалды, яғни ұйым тиімділігінің
жоғарлауына әсерін тигізеді немесе дисфункционалды жеке бастың
қанағаттанбаушылығын төмендетеді, сондай-ақ, топтардың да
сұранысын қанағаттандырмайды.
Қайшылықтың негізгі рөлі тиімді басқаруға байланысты.
Шиеленісті немесе қайшылықты шешу үшін (яғни басқару
үшін) оның негізгі пайда болу себептерін түсіну және қарастыру
қажет. Көбінесе, басшылар қайшылықтың болу себептерін жеке
адамдар арасындағы қақтығыс (дау-дамайдан) келіп туындайды
деп көрсетеді. Бірақ кейінгі зерттеулер мен талдаулар бойынша
қайшылықтар мен шиеленістердің пайда болуына басқа да
факторлар әсерлерін тигізеді.
Ұйымды
басқаруда
қайшылықтардың
рөлі
ерекше.
Қайшылықтардың негізгі төрт түрі бар:
•
ішкі жеке қайшылық;
•
жеке тұлғалар арасындағы қайшылық;