Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011



Pdf көрінісі
бет37/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

12. Бағаны басқару стратегиясы
Бағаның мәні
мен факторлары
Рыноктық қатынастар жағдайында бағаның мәні өте күрделі. 
Өндірістің құрылымы, материалдық тасқындардың жылжуына, 
толып жатқан тауарлардың бөлінуі. Халықтың әл-ауқаты мен өмір 
сүру деңгейі дәл бағаға байланысты. Адамның өмір сүру деңгейі 
көптеген тауарларға байланысты. Адамның өмір сүру деңгейі 
көптеген факторларға тәуелді. Бірақ солардың ішінде шешуші 
әсер ететіні – табыс (жалақы) пен баға. Бұл екеуі әлеуметтік 
басқарудағы өзекті де және күрделі проблема. Ол стратегияның 
ұзақ мерзімдегі тұрақты бағыты. Бағаның деңгейін анықтау үшін 
дұрыс әдістеме керек. Ғылыми негізделген баға стратегиясы кез-
келген кәсіпорынның табысты жұмыс істеуінің кепілі деп айтуға 
болады. Сонымен қатар проблеманың өзектілігі кәсіпорынның 
сыртқы рынокқа шығуына байланысты.
Бағаны қалыптастыруға көптеген факторлар әсер етеді. Іс жүзінде 
олардың бәрін санап, түгендеп шығу қиынға түседі. Сондықтан 
олардың мәнін және әсерін анықтау үшін жіктеу қажет. Баға құрудың 
жіктелмесі мынадай: а)факторлардың мазмұны бойынша олардың 
түрлері – техникалық, экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, 
ұйымдастырушылық, саясаттық; ә)факторлардың көріну аясы 
бойынша – сыртқы және ішкі; б)факторлардың көріну формалары 
– инновациялық, объектіні бір ізге салу және стандартизациялау; 


71
объектінің өмір циклының сатылары бойынша стратегиялық 
маркетинг, ғылыми зерттеу – тәжірибелік конструкторлық жұмыстар 
(ҒЗТКЖ), өндіріс, айналым, тұтыну; рыноктік құрылымы бойынша 
– монополия, олигополия, монополиялық бәсекелестік, таза 
(жетілдірілген) бәсеке; факторлардың уақыт әрекеттері бойынша – 
стратегиялық , техникалық, оперативтік.
Баға құрудың факторлар жіктемесі жолдауға және сараптауға 
пайдалы. Баға құрудың стратегиялық мәселелері маркетингтік 
зерттеулер жүргізілген кезде шешімді. Тауардың сапасы мен бағасына 
байланысты бағаны белгілеу барысында тоғыз стратегияларды 
пайдалану ұсынылады. Бұл стратегияның үлгісі төмендегідей. 
2-кесте. Бағаны белгілеу стратегиясы (Р. А. Фатхудинов 
бойынша)
Сапа
Баға
Жоғары
Орташа
Төмен
Жоғары
1. Сыйлықтық 
үстеме 
стратегиясы
2. Терең ену 
стратегиясы
3. Көтеріңкі 
құндылық мәні 
бар стратегия
Орта
4. Көтеріңкі 
бағаның 
стратегиясы
5. Орта деңгей 
стратегиясы
6. Сапасы 
жақсы 
стратегия
Төмен
7. Тонау 
стратегиясы
8. Жасанды 
жылтырауық 
стратегиясы
9. Төменгі 
құндылық 
стратегиясы
Баға стратегиясына тікелей қатысы бар мәселе, ол - ресурс 
үнемдеу стратегиясын таңдау. Осыған байланысты тауардың 
ресурсын (қор) қажет ететін көрсеткіштері бар. Олар: абсолюттік, 
құрылымдық, салыстырмалық, үлестілік. Тауардың ресурсты қажет 
ететін абсолюттік көрсеткіштеріне жататындар:

маркетингке шығын (бір тауарға).

ҒЗТКЖ шығындары (бір тауарға).

жаңа тауарларды өндіру үшін ұйымды-технологиялық 
шығындар;

тауарды өндіру шығындары;

тауардың жұмыс істеуіне байланысты шығындар және т.б.


72
Құрылымдық көрсеткіштер:

тауардың өмірлік циклдарына байланысты шығындардың 
құрылымы:

шикізат пен материалдар;

қосалқы бөлшектер;

отын-энергетикалық ресурстар;

фирма персоналының жалақысы (бір тауарға шаққанда);

негізгі өндіріс қорларының амортизациясы (осы сатыда бір 
тауарға есептегенде).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет