66
деңгейінде, шешуші рөл атқарады.
Сапаны басқарудың
шетелдік тәжірибесі
Сапа мәселесінің барлық маңызын ең алдымен Жапония
экономистері түсінді. Жапондық өнімнің
жоғары сапасына жету
жолындағы қозғалыстың негізін салушылардың бірі профессор
Каору Исикава «Сападан үнемдеуге болмайтындығын, өйткені
сапаның өзі үнем екендігін» атап көрсетті. Доктор Исикава сапаны
басқару әдістері негізінде барлық жерде бірдей және бір қағидалар
әр түрлі салаларда және әр түрлі елдерде қолда¬нылуы мүмкін деп
есептейді.
Басқарудың жапондық жүйе әдістерін екі негізгі топқа бөліп
қарастыруға болады: біріншісі – іс жүргізудегі мәселелерге қатысты,
екіншісі – өнім сапасы проблемаларына қатысты.
Жапонияда сапаны басқару мәселесі мемлекеттік саясат
деңгейіне көтерілген. Негізгі
көңіл жұмыс орнында сапаны
бақылайтын адамдармен бірлесе жұмыс істейтін атқарушыларды
(жұмысшыларды) сапаны қамтамасыз ету жөніндегі қызметке тарту
үшін жасалды. Жапонияда жұмысшылар күрделі статистикалық
әдістерді қолдануға қолы жетіп қоймай, оларды сапа проблемасы –
әрбір жапондықтың проблемасы деп нан¬дырып, көздерін жеткізе
алды.
Сапаны басқарудың жапондық үлгісі – барлық фирмаларда
президенттен бастап қатардағы қызметкерлерге дейін орындайтын
сапаны қамтамасыз ететін, біртұтас процесс болып табылады.
1967ж. тұжырымдалған сапаны басқарудың жапондық жүйесінің
ерекшеліктері әлі күнге дейін биік деңгейден көрініп,
көптеген
жүйелерге негіз болып отыр. Олар мыналар:
•
сапаны фирма деңгейінде баршаны қамтып басқару, бұған
барлық қызметкерлердің түгел қатысуы;
•
сапаны басқару ауқымында кадрлардың біліктілігін
арт¬тыру мен дайындық;
•
сапа төңірегіндегі қызмет;
•
сапаны басқару жөніндегі іс-әрекетті
бағалау мен тексеру;
•
статистикалық әдістерді қолдану;
•
сапаны бақылау жөніндегі жалпыұлттық бағдарлама.
Бұл ерекшеліктер барлық әлемде кеңінен зерделенуде.
67
Сапаны басқаруды қалайша жүзеге асыруға болады? Бұған
жауап:
«Жоспарла – жаса – тексер – әсер ет» формуласына жүгіну
керек. Бұл «басқару аясы» деп аталады. Ол дұрыс бағыт-бағдармен
жүруге жәрдемдеседі. Басқару аясы алты сектордан тұрады, яғни іс-
шаралардың алты жиынтық кешені болып қолданылады.
1) мақсаттар мен міндеттерді анықтау;
2) мақсатқа жету тәсілдерін анықтау;
3) кадрларды оқыту мен даярлау;
4)
жұмысты орындау;
5) орындалған жұмыс нәтижелерін тексеру;
6) тиісті басқарушылық әсер етуді жүзеге асыру.
Сапаны қамтамасыз ету қағидалары мынадай:
•
Бақылауға негізделген сапаны қамтамасыз ету.
•
Өндірістік процестерді басқаруға негізделген сапаны
қамтамасыз ету.
•
Өнімнің жаңа түрлерін жасау сатысындағы сапаны
қамтамасыз ету.
Ғылым мен техниканың алғы шебінде тұрған Жапония
фирмалары мынандай міндеттер қояды:
- фирманың өркендеуі мен беделін көтеру;
- барлық қызметкерлердің күш-жігерлерін біріктіру, міндеттерді
шешуге түгел қатысу, үйлесімді іс-әрекет жасайтын жүйе құру;
- тапсырыс беруші мен тұтынушылардың
сеніміне ие болу;
- жаңа өнімді жасауға деген шығармашылық тәсіл (бірегей
технология);
- сапаны тиімді әкімшілік басқару;
- жеке тұлға, өндіріс мәдениеті, келесі ұрпаққа берілетін дәстүр
сабақтастығы;
- сапаны басқарудың статистикалық тәсілдерін қолдану.
Басты қағида: «Фирманың бет-бейнесін қызметкерлер
анықтайды». Жер-жерлерде сапаны қамтамасыз ету саясатын
жүргізудің ең бәсекеге қабілетті формасы сапа үйірмелері (топтары)
болып табылады.
Өнеркәсіптік жүйенің айрықша белгілерінің бірі – басқа елдердің
тәжірибесін ескеру ғана емес, бәрінен бұрын өзінің күшті жақтарын
қолдану болып есептеледі.
Жапондық тәжірибеде ХХ ғасырдың 60-жылдарының басында
68
пайда бол-ған сапа үйірмелері ең ықпалды болып шықты.
Үйірмелерді құрудың қарапайымдылығы мен олардың жоғары
тиімділігі өндіріске жақсы ықпал етті, батыстың жапон тәжірибесін
көшіруге ниетін аударды (психологиялық ерекшеліктер басқаша).
Сапа үйірмелері мақсаттарының бірі – ұжымдық жұмыс арқылы
адами қатынастарды тереңдету және өндірістік проблемаларды
бірлесіп шешу.
Үйірме қызметінің негізінде үш қағида жатыр:
- өндірісті жетілдіруге өз үлесін қосу;
- жұмыс орнында жақсы қуанышты, көңілді рәуіш-күй жасау;
- адамның шексіз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін мүмкіндік
беру.
Достарыңызбен бөлісу: