Оқулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Алматы 2011


Стратегиялық менеджменттің бес міндеті



Pdf көрінісі
бет5/144
Дата12.07.2022
өлшемі4,22 Mb.
#37612
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144
Байланысты:
Strategiyaly -menedzhment.-Berdaliev-K.-B

Стратегиялық менеджменттің бес міндеті.
Фирманың стратегиясын жасау және жүзеге асыру бойынша 
менеджердің міндеті бес өзара байланысқан бөліктерден тұрады:
1. Коммерциялық қызметтің түрін анықтау және оның 
дамуының стратегиялық бағыттарын қалыптастыру, яғни дамудың 
мақсаттары мен ұзақ мерзімді болашағын белгілеу қажет. 
2. Жалпы мақсаттарды жұмыстың нақты бағыттарына 
айналдыру. 
3. Қажетті көрсеткіштерге жету үшін таңдалған жоспардың 
шебер жүзеге асырылуы.
4. Таңдалған стратегияның тиімді жүзеге асырылуы.
5. Жасалған жұмыстарды бағалау, нарықтағы жағдайды 
талдау, алынған тәжірибе, өзгерген жағдайлар, жаңа идеялар немесе 
жаңа мүмкіндіктер тұрғысынан қызметтің ұзақ мерзімді негізгі 
бағыттарына, мақсаттарына, стратегияға немесе оның жүзеге 
асырылуына түзетулер енгізу.
Стратегиялық көріністің және компанияның миссиясының 
дамуы.
Жоғары бөлім басшысының компанияның стратегиясына 
қатысты негізгі сұрағы мынадай: «Біз өзіміздің компаниямызды 
қалай көреміз, не істегелі жатырмыз және неге қол жеткізгіміз 
келеді?». Осы сұраққа нақты және дәлелді жауап беру үшін менеджер 
өзіне фирмасының бүгінгі күнгі және болашақтағы қызметінің 
сипатын елестетуі және сондай-ақ 5-10 жыл алға компанияның 
мүмкін қажеттіліктерін ойластыруы қажет. «Біз кімбіз, не істеп 
жатырмыз және қандай бағыт ұстанамыз?» деген сұрақтарға 
жауап іздеу қажет. Компанияның не істегелі жатқаны және оның 
қандай деңгейде болғысы келетіндігі жалпы мағынада фирманың 
миссиясы деп аталады. Менеджер миссияны анықтаған соң
компания қызметінің өрісін, сондай-ақ ол өзінің тұтынушыларына 
ұсынатын қызметтерін анықтайды. Менеджерге фирманың қызмет 
өрісін стратегиялық тұрғыда ойластыру қажет. Осының барлығы 
фирманың ұзақ мерзімді даму концепциясын жасаумен қатар 
жүреді. Менеджердің өзінің фирмасының нарықтағы орнын көруін 
стратегиялық елес дейді. Кешігіп қабылданған және уақтылы 
түзетілмеген стратегиялық жоспарлаудың ешқандай мағынасы жоқ. 


18


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   144




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет