19
2-сурет. Компания
стратегиясының элементтері
Компанияның бөлімшелерінің көбісінде ескерілуі тиіс.
Стратегияның нақты жүзеге асырылуы стратегиялық жоспарды
сәтті орындау үшін компанияның
басқаша және жақсы жасайтын
ісін дәл талдаудан басталады. Әр менеджер мына сұрақтарға жауап
іздеуі қажет: «Жалпы стратегияны орындауға өзімнің үлесімді қосу
үшін менің бөлімшемде не істелуі қажет және де мен оны тиімді
етіп қалай атқарамын?».
Компанияның стратегиясын тиімді жүзеге асыру үшін
ішкі саясатты өзгерту қажеттілігі стратегиялық өзгерістердің
дәрежесіне, ішкі саясаттың стратегия
талаптарынан қаншалықты
ауытқитынына және стратегия бірлескен мәдениетпен қаншалықты
жақсы келісетініне тәуелді.